Сейсенбі, 26 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 8969. Жазылғандар — 4560. Қайтыс болғандар — 35
Жаңалықтар 3524 0 пікір 31 Наурыз, 2014 сағат 14:36

13 жылдық үзілістен соң Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезі өтеді

;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash">;hl=ru_RU&rel=0" />

 

Сәуірдің 29-ы мен 30-ы күндері Алматыда Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезі өтеді. Еліміздің шалғай аймақтары мен шетелден келетін 500 жетекші маман онкологияның мүмкіндіктері мен даму мәселелерін талқылайды. «13 жылдық үзілістен соң өткізілетін бұл конференция – отандық мамандар үшін аса маңызды болмақ. Біз, ең алдымен, бәріміз еңбек жолымызды алғаш бастаған аудан орталықтары мен облыстарындағы мамандарды жинауды мақсат етіп отырмыз», - дейді Қазақ онкология және радиология ҒЗИ директоры Қуаныш Нұрғазиев.     

Бұл съезде қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтау тәсілдері мен оны емдеу, сондай-ақ, жиырма бірінші ғасырдың басты дертімен күресудегі медицина жетістіктері туралы айтылып, мамандар өзара пікір алмасады.

Конференцияның негізгі тақырыптары:

- жілік майын ауыстырудың жаңа мүмкіндіктері;

- соңғы үлгідегі аппараттармен жабдықтау және сәулелі, химиялық, гормондық терапиядағы жаңа әдістер;

- қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтаудың скринингтік бағдарламалары;

- ортақ ғылыми зерттеулер мен мамандар біліктілігін арттыру мақсатында оларды шетелге оқуға жіберу;

- науқасқа паллиативтік (психологиялық) көмек көрсету және сауықтыру  медицинасын дамыту;

- халықтың онкологиялық сауатын көтеру әрі дәрігерлер біліктілігін арттыру;

Қуаныш Нұрғазиевтің айтуынша, науқастарға паллиативтік көмек көрсетуді дамыту – конференция күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі. «Кеңес заманынан бері науқасқа психологиялық жәе рухани көмек беру жағы ақсап келеді. Ал қазіргі кезде сауықтыру мен паллиативтік көмек жүйесі бір ізге түсіп, даму үстінде. 2013 жылдан бастап әрбір онкологиялық диспансерлерде дәрігер-психологтардың жеке бөлімшелері ашылып, онкологиялық дертке шалдыққан жандарға көмектесетін әлеуметтік жұмысшылар тобы құрылды».

Аталған съезде ТМД елдері ассоциациясының президенті Михаил Давыдов, Қатерлі ісікпен күрес халықаралық одағының президенті Франко Кавалли және АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Израиль елдерінен білікті ғалымдар келеді деп жоспарланып отыр.

Конференция ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақ онкологтары мен радиологтарының ғылыми зерттеу институты және «Қазақстан онкологтары мен радиологтары» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өтеді. 

Анықтама:

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, Еуропа елдерінде қатерлі ісік жүрек-қан тамырлары ауруларымен бірдей көрсеткішке жеткен. Жыл сайын адамдарың 71%-ы осы дерттің себебінен көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі бойынша, Қазақстанда қатерлі ісік аурулары екінші орында тұр. Жыл сайын қатерлі ісік 17 000 адамның өмірін жалмайды. Ал оның 42%-ы еңбекке жарамды жастағы жандар екен. Бүгінгі таңда 146 400 адам тіркеуде тұр.

Қазақстандықтардың өмір сүру жасын ұзарту мен өмір сапасын арттыру мақсатында 2012-2016 жылдарға арналған онкологиялық көмек көрсетуді дамытудың төртжылдық мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Оған бюджеттен 211 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жатыр мойны қатерлі ісігі, сүт безі қатерлі ісігі, қуықасты бездің қатерлі ісігі,өңеш және асқазан, бауыр қатерлі ісігі, оған қоса, қатерлі ісікті алғашқы сатысында анықтау мен оны толық емдеу және өлім көрсеткішін азайтуға бағытталған алты скринингтік бағдарламаны іске қосты.

Аккредитация мен өзге де сұрақтар бойынша Қазақстан онкологтары мен радиологтарының V съезі баспасөз хатшысы Әйгерім Ағылтаеваға хабарласуға болады.

Тел.: +7701 360 66 63 

E-mail onco.congressV@gmail.com 

Абай-ақпарат

0 пікір