Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3337 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 10:20

"В КОНТАКТЕ" ФСБ-НЫҢ ҚАҚПАНЫНА ТҮСТІ

Ресейлік «Вконтакте» әлеуметтік желісінің негізін салушы Павел Дуров өз компаниясындағы жұмысынан шеттетілді. Тіпті ол өзінің жұмыстан кеткенін ақпарат құралдарынан естіп білген. Аталған желінің атқарушы директоры Павел Дуров осыған дейін Ресей қауіпсіздік қызметі (ФСБ) өзіне қысым жасағанын мәлімдеген болатын. ФСБ одан желіде тіркелген «Еуромайдан» белсенділерінің мәліметтерін беруді сұраған әрі ресейлік коррупциямен күресуші белсенді Алексей Навальныйдың сайттағы тобын жабуды талап еткен. Сәйкесінше Дуров талапты орындаудан бас тартқан болатын. Осыған байланысыты Өткен аптада Дуров Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің қысымымен компанядағы өзіне тиесілі 12 пайыз акциясын сатуға мәжбүр болғанын жазған еді. «Азаттық» радиосы атап көрсеткендей «Вконтакте» әлеуметтік желісі енді Ресей президенті Путиннің сенімді өкілдері Игор Сечин мен олигарх Алишер Усмановтың ықпалына толықтай көшті. Бұдан былай аталмыш желі ФСБ- ның қатаң бақылауында болып, желіде салынған ақпараттар сүзгіден өтетін болады.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2375
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1945
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571