Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4777 0 пікір 25 Сәуір, 2014 сағат 11:17

РЕСЕЙ УКРАИНАҒА ӘСКЕР КІРГІЗУІ МҮМКІН

Ресей Федерациялық кеңес мүшелері Украинаның Донецк облысына бітімгершілік әскер кіргізуді сұрап отыр. Tengrinews.kz-тің ақпаратына сай бұл туралы сенатор Валерий Шнякинның «изевстия» басылымына берген сұхбатында айтылған. Алайда бітімгершілік әскер кіргізу мәселесін Ресей жалғыз шеше алмайды. Оған Еуроодақпен АҚШ-тың мақұлдауы керек. Федерациялық кеңес Украинадағы президент сайлауы жақындаған сайын елдегі қауіпсіздік мәселесіне алаң көңілмен қарап отыр. Сондықтан ұсыныс 29сәуірде кеңес отырысында толықтай қаралатын болады. Сондай-ақ  Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин  Украина ішіндегі саяси жағдай шиеленісе түссе Украина аумағында Ресей қарулы күштері әрекет ететін болады дейді.

АБАЙ-АҚПАРАТ

0 пікір