Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 5067 0 пікір 4 Мамыр, 2014 сағат 15:00

ОРТА АЗИЯ ЕЛДЕРІ УКРАИНАДҒЫ ЖАҒДАЙҒА АЛАҢДАУШЫЛЫҚ БІЛДІРДІ

Бүгін Қырғыз республикасы  мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, ресми мәлімдеме таратты. Азаттық радиосы жазғанындай, Қазақстан Украина ішіндегі   барлық қарсыласушы жақтарды зорлық-зомбылықтан және жағдайды шиеленістіруден бас тартуға шақырса, ресми Бішкек Киевті халықаралық адам құқығы нормаларын сақтауға үндеген.  Айта кететін болсақ , елдегі ушыққан сеператистік әрекеттерге байланысты 2-мамырда  Украина үкіметінің күш құрылымдары антитеррористік операциялар ауқымын кеңейтті. Ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Славянск қаласына шабуыл бастады. Сол күні кешке Одессада Украинаның біртұтастығын қолдаушылар мен ресейшіл белсенділер арасындағы қақтығыстар салдарынан қырыққа жуық адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды.  Осыған орай Орта Азия елдері Украинаны 17 сәуірде жасалған «Женева» келісімі бойынша елдегі саяси тұрақтылық пен қоғамдық хауіпсіздікті сақтауға шақырып отыр.

Абай-ақпарат

0 пікір