Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3879 0 пікір 12 Мамыр, 2014 сағат 13:42

ЛУГАНСК: РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

Луганск мәртебесіне байланысты референдум бюллетендері саналып болды. BBC-дың орыс тілді қызыметі таратқан ақпаратқа сай сайлаушылардың 95,98%-ы Луганск облысының тәуелсіздігін қолдап дауыс берген. Бұл туралы Луганск орталық сайлау комиссиясының орынбасар хатшысы Александр Малыхин Интерфакс арқылы жариялады.  Оның сөзінше  референдумға Лугансктың 70 пайыз, Луганск облысының 81 пайыз сайлаушылары қатысқан. Таңертеңгілік ақпараттарда Донецк мәртебесіне байланысты сайлау қортындысы хабарланған еді, онда сайлаушылардың 89%-дан астамы тәуелсіздік мәртебесін алуды қолдады деп көрсетілген.  Кеше, 11 мамырда, Украина мен қатар Еуроодақ елдері, сондай-ақ АҚШ референдумды заңсыз деп бағалаған болатын. Бүгін таңертең Украина президенті міндетін уақытша атқарушы Александр Турчинов референдум сипатын заңсыз деп қайтара мәлімдемеме жасады.  Айта кететін болсақ аталған референдумда ешқандай шетелдік бақылаушылар болған жоқ.

 

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1794
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1502
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400