Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Ерлік 5914 0 пікір 12 Мамыр, 2014 сағат 20:06

ЕЛІНЕ ҰРАН БОЛҒАН ЕР ЖӘНІБЕК

11 мамыр күні Алматыда XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғарларға қарсы ұлт-азаттық қозғалысында қол бастаған қаһарман батырлардың бірі - Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына орай жарық көрген басылымдардың тұсаукесері өтті.

Тұсаукесер барысында  "Ер Жәнібек" халықаралық қорының демеушілігімен жарық көрген «Ер Жәнібек – 300 жыл» анықтамалық-библиографиялық ғылыми жинағы,  Моңғолиядағы қазақ жазушысы Сұлтан Тәукейұлының «Ақыр Жәнібек» романы, «Керейде батыр Жәнібек" атты аудиобейне жинақ жұртшылыққа таныстырылды.

Тұсаукесер рәсіміне ғалым, сыншы, әдебиеттанушы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары Талғат Мамашев,  Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Төлеубек Мұқашев, "Ер Жәнібек" халықаралық қорының президенті Мақсұт Темірбаев, тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошан, филология ғылымдарының кандидаты, ҚР мәдениет қайраткері Базарбек Атығай қатысты.

Тұсаукесерден батырдың рухына арналып, ас берілді. Ас барысында қоғам қайраткері Балташ Тұсынбаев, белгілі саясаттанушы Айдос Сарым мырзалар сөз алып, елдің кешегісі мен бүгінгі жайлы сөз сөйледі.

#t" type="application/x-shockwave-flash">#t" />#t" />

Abai.kz

0 пікір