Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2861 0 пікір 26 Сәуір, 2010 сағат 05:02

Өзбекстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жөнелтті

Ташкент. 26 сәуір. ҚазТАГ - Президент Ислам Кәрімовтың бастамасымен Өзбекстан үкіметі Қырғызстанға гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлады мемлекеттік ақпараттық ӨзА агенттігі.

Көрші елге гуманитарық жүк сенбі күні Әндіжан облысының Қорғантөбе ауданының «Савай» темір жол станциясынан жіберілді.

Оның ішінде 30 тонна ұн, 200 тонна минералды тыңайтқыш, 150 тонна цемент, құрылыс материалдары, киім-кешек, дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар мен көптеген басқа да заттар бар.

«Біздің халықтарды ертеден достық қарым-қатынас байланыстырады. Өзбекстан алғашқылардың бірі болып Қырғызстанға көмек қолын созды. Біз ол үшін Өзбекстан  республикасының президенті мен үкіметіне шексіз алғысымызды білдіреміз», - деді Қырғызстан төтенше жағдайлар министрі  Мухаммед Касымалиев деп жазады агенттік.

0 пікір