Сенбі, 27 Сәуір 2024
Абай.tv 12069 0 пікір 15 Мамыр, 2014 сағат 14:14

Ұмытылмас қасірет: АШАРШЫЛЫҚ ПЕН РЕПРЕССИЯ

 

31-мамыр Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 

Тәуелсіздік жылдары жарияланған деректерде кеңестiк билiктiң алғашқы 1920- 1930-жылдарында қазақтар 4-4,5 млн. адамынан айырылған. 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн. 700 мың адам (ашыққандарға көмек көрсету комиссиясының төрағасы Мұхтар Әуезовтің мәліметі бойынша), 1932-1933-жылдары 2 млн. 300 мыңға жуық адам құрбан болған...

***    ***    ***

Репрессия қанды шекпенін 1929 жылдан сала бастады. 1931 жылы Жүсіпбек Аймауытов атылды. 1937 жылдың күзінде Алаштың ар-ожданы Ахмет Байтұрсынов Алматыда, көшбасшысы Әлихан Бөкейханов пен тұңғыш елшісі Нәзір Төреқұлов Мәскеуде атылды.   Сондай-ақ Мәскеуде 1938 жылғы ерте көктемде Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожанов, күзге салым Жаһанша Досмұхамедов оққа ұшты. Жаппай репрессияға 1938 жылдың күзінде тоқтау салынса да, қуғын-сүргін одан бергі жылдарда да жалғаса берді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегі бойынша,  «халық жауларын әшкерелеп» ату Алматыда 1946 жылға дейін жүргізілген.  Көмусіз қалған, рұқсатсыз атылғандармен қоса есептегенде 130 мыңдай қазақтың зиялы қауымы репрессия жылдарында атылып кеткен...

0 пікір