Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6124 0 пікір 16 Мамыр, 2014 сағат 11:59

ИСРАИЛ САПАРБАЙДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШІ ӨТЕДІ

24 мамырда Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының концерт залында ақын, сазгер, драматург, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Исраил Сапарбайдың «Сенің туған күніңде» атты әдеби-музыкалық (поэзия, ән, би) шығармашылық кеші өтеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. Кеш ерекше сыпатта өтпек, айырмашылығы мен өзгешелігі - үлкен-үлкен үш бірдей өнер саласының, яғни Поэзия, Ән, Бидің бір-бірімен кірігіп, бірігіп тұтастай шығармашылық кешке айналуы болмақ. Әрине, бұл автор үшін де, қойылым режиссері үшін де үлкен еңбекті, ыждағатты ізденісті қажет етеді.

Кешке танымал эстрада жұлдыздарымен қоса талантты жас әншілер және Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының студенттері қатыспақ. Айта кету керек, өткен жылдың 5-6 мамыры күндері М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында И.Сапарбайдың «Махаббат маусымы» атты әдеби-музыкалық өнер кеші өткен болатын. Биылғы кештен қапы қалмаңыздар!

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2137
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2546
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2309
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1650