Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4831 0 пікір 16 Мамыр, 2014 сағат 12:01

«ПРОТОН-М» ОРБИТАҒА ШЫҒА АЛМАДЫ

Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, 16 мамырға қараған түні Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышында "штаттан тыс жағдай" болды. "Экспресс-АМ4Р" ғарыштық байланыс спутнигін тіркеген зымыран тасығышы Байқоңырдан Астана уақытымен түнгі сағат 03:42-де ұшырылған. Зымыран тасығыштан шыққан ақаудан спутник орбитаға шығарылмаған. «Протон-М» зымыранын ұшыру кезінде үшінші сатының басқару қозғалтқышының штаттан тыс жұмысының себебіне байланысты оны ұшырудың 545 секундында апат орын алған. Қозғалтқыштың апаттық сөнуі екінші және үшінші сатылар бөлімдерінің арасында болғаны анықталды. Ғарыштық зымыран саласындағы дереккөздің ақпаратына қарағанда, «Протон-М» Алтайда немесе Тынық мұхитының айдынына құлауы мүмкін еді. "Роскосмос" қазір мемлекеттік комиссия өкілдері төтенше жағдайдың себептерін анықтаумен айналысып жатыр.

 Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон» зымыран тасығыштарын одан әрі ұшыруды тоқтата тұрады. 15 шілдеге белгіленген «Экспрес-АМ6» байланыс серігімен «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылуы ауыстырылады. «Экспресс-АМ4Р» бүгінгі таңда Ресейдегі ең қуатты және жоғары технологиялы байланыс серігі болып табылады.«Экспресс-АМ4Р» телекоммуникациялық ғарыш аппаратымен ғарыштық мақсаттағы «Протон-М» жұмаға қараған түні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған болатын. Бұл 2014 жылдың басынан бері жүзеге асырылған Ресейдің оныншы ғарыштық ұшырылуы.

Абай-ақпарат

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2303
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646