Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2653 0 пікір 26 Сәуір, 2010 сағат 04:36

Төртемге төрт бөлмелі үй неге берілмеді?

«Айқын» газетінің үстіміздегі жылғы 12-наурыз күнгі (№43 (1467) санында біз «Төртемге төрт бөлмелі үй керек» деген тақырыппен мақала жазып, онда Моңғолияның Баянөлгий аймағынан Қазақстанға көшіп келіп, Алматыдағы Спорт және туризм академиясын еркін күрес бөлімі бойынша бітіріп, осында қызмет жасап жүрген Есентай мен осы оқу орнының туризм бөлімінде 5-курста білім алып жүрген Назымгүлдің отбасында төртем - төрт қызылшақа қыз өмірге келгендігі туралы жалпақ жұрттан сүйінші сұраған болатынбыз.

Ал кеше Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры, көрнекті ғалым-дәрігер Ермек Аязбековтің өзі ақ тілек айтып, Нұрайша, Жанайша, Бекайша және Гүлайша есімді нәрестелерді үйлеріне шығарып салды.

«Айқын» газетінің үстіміздегі жылғы 12-наурыз күнгі (№43 (1467) санында біз «Төртемге төрт бөлмелі үй керек» деген тақырыппен мақала жазып, онда Моңғолияның Баянөлгий аймағынан Қазақстанға көшіп келіп, Алматыдағы Спорт және туризм академиясын еркін күрес бөлімі бойынша бітіріп, осында қызмет жасап жүрген Есентай мен осы оқу орнының туризм бөлімінде 5-курста білім алып жүрген Назымгүлдің отбасында төртем - төрт қызылшақа қыз өмірге келгендігі туралы жалпақ жұрттан сүйінші сұраған болатынбыз.

Ал кеше Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының директоры, көрнекті ғалым-дәрігер Ермек Аязбековтің өзі ақ тілек айтып, Нұрайша, Жанайша, Бекайша және Гүлайша есімді нәрестелерді үйлеріне шығарып салды.

Үйлеріне дейміз-ау, шын мәнінде, төртемнің әкесі Есентай бауыр еті балалары аман-есен өздеріне өздері келіп, ғылыми емдеу орталығынан шыққан соң қайда апарарын білмей күні-түні дал болды. Ђйткені әйелі Назымгүл екеуі Қазақ спорт және туризм академиясының жатақханасындағы бар-жоғы 12 шаршы метрлік аядай бөлмеде тұрады. Ал ғылыми емдеу орталығындағы дәрігерлер болса, төрт сәбидің адам боп кетуі үшін ең алдымен, таза ауа, кең тыныс, қолайлы жағдай қажет екендігін, егер бөлменің ауасы тарылса, шынашақтай сәбилердің денсаулығына кері әсер ететіндігін жиі қайталап, олардың құлағына құйып келген-ді. Амал нешік?.. Есентайдың ата-анасы болса, Алматы облысының Ескелді ауданында, ал ата-енесі қаладан 70 шақырым ауылда тұрады. «Ішіме сыйған бала үйіме де сыяды» дейтін қазақ баласы емеспіз бе, Қапар ақсақал көптен күткен немерелерін, ал ол кісінің құдасы Қуанған көптен күткен жиендерін өз үйлеріне сол күні-ақ алып кетуге сақадай сай келіпті. Бірақ Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының емдеуші дәрігерлері сәбилерді өздерінің үнемі бақылап, қамқорлыққа алып тұрулары үшін оларды Алматыдан ешқайда шығармау туралы ақыл-кеңес беріпті. Содан шақшадай басы шарадай болған Есентай кеше келіншегі Назымгүл мен төрт қызылшақа сәбиін басқа емес, өзі жұмыс жасап жүрген Академияның алақандай бөлмесіне апаруға мәжбүр болды.
- Мен үшін ендігі басты мәселе, кішкентай балапандарым - Нұрайша мен Жанайшаның, Бекайша мен Гүлайшаның және аяулы жарым Назымгүлдің амандығы, тезірек адам қатарына қосылуы. Ал енді қиналып тұрғаным - пәтер мәселесі. Себебі біз осындағы Алатау ауданында бір таныстың үйінде тіркеудеміз. Ал тұратын жеріміз «Академия жатақханасының аядай бөлмесі. Әрине, басқа түскен соң, көнбеске амал жоқ. Спорт акадамиясы мен №13 жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымына, Алматы қалалық Спорт басқармасына үлкен рахмет! Олар мүмкіндігінше жөргек пұлдарын жинап беріп, қуанышыма ортақтасуда. Ал Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ағамыз әзірге тек құттықтау хатпен ғана шектеліп отыр. Ђз басым, «мен үшін өмірімдегі ұмытылмас әрі қуанышты күн төрт сәбиімді емдеу орталығынан алып шыққанымда, Алматы қалалық әкімшілігіндегі ағаларым жаңа үйдің кілтін ұстатып, қуанышымды бөлісер» деп ойлағанмын. Бірақ олай болмай шықты. Ең өкініштісі, осы болып тұр! Басқа басқа, «Атажұртым, Атамекенімде мен емес, сәбилерім баспанасыздықтың күйін кешеді» деп ойлаған жоқпын. Шынын айтсам, «мұнда басы ауырып, балтыры сыздамағанның құдаймен ісі жоқ» дегендей, әкім-қаралардың қарапайым халықтың хал-жағдайымен шаруасы жоқ екен. Дегенмен, халқымыз «ештен кеш жақсы» дейді. Мүмкін қала әкімі Ахметжан Есімов далаға тастамас, қаланың бір ауданынан Аллатағаладан сұрап алған кішкентай сәбилеріме бір баспана берер деп үміттенемін. Сол қуаныш тезірек болса екен. Ђйткені төртемімді ауыртып аламын ба деп қорқамын. Менің үнімді Ахметжан ағаға жеткізіңіздерші! - деп Есентай бізден алматылық әкім-қараларға өзінің жанайқайын жеткізуді өтінді.
Қалай десек те, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, әлдеқашан ата атанған Ахметжан Смағұлұлы Нұрайша, Жанайша, Бекайша және Гүлайша есімді немерелерін жылатып, тар бөлменің тар ауасын жұтқыза қоймас деп ойлаймыз. Қала әкімі төртемді тербете алса, жарады!..

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

«Айқын» газеті, 24.04.10.

0 пікір