Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2889 0 пікір 25 Сәуір, 2010 сағат 06:33

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайының саябағында Керей мен Жәнібекке ескерткіш орнатылады

Қазақ хандығының негізін салған Ұлы тарихи тұлғалар - Керей мен Жәнібекке Қазақстанның елордасы Астанада мамыр айының аяғында ескерткіш орнатылады. Ескерткіш - елорда тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайының алдындағы саябақта орналасатын болады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мұражайының саябағында Керей мен Жәнібекке ескерткіш орнатылады

Осы жобаны іске асыруға байланысты жұмыстар 12 сәуірден басталып кетті, атап айтқанда, Желтоқсан көшесі жағынан қоршаулар қойылып, жаңа ескерткішке арналған алаң дайындау, сондай-ақ, саябақты жаңарту мен абаттандыру жұмыстары жүруде. Осы орынға ерекше көрік беріп тұрған жасыл-желектерді сақтау жөнінде Астана қаласының әкімдігі қойған міндетті ескере отырып, аталған жұмыстар ұқыптылықпен жүргізілуде. Сондықтан да орнатылатын ескерткіштің тікелей жанында тұрған үш ағашты саябақтың басқа жеріне қайта отырғызуға шешім қабылданды. Саябақтың аймағында инженерлік желілер мен парковкалар салу секілді өзге де жұмыстар жүргізілмейді.

http://kz.astana.kz/

http://massagan.com/news.php?mod=news&id=4467&catid=3

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1468
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1079
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125