Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2721 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:09

Чадраабалын Сухэбаатар: ИСЛАМ ДIНI АДАМ ИГIЛIГI ҮШIН ЖАРАЛҒАН

Әлемдегi мұсылмандардың саны жыл өткен сайын өсiп келе жатқандығы мәлiм. Бүгiнде мұсылман жамағаттарының саны - 1 миллиардтан асып жығылады. Барак Обама Америка президентi болысымен, мұсылман ғибадатханаларын көбiрек салуға қол ұшын созатындығын мәлiмдедi. Дегенмен, 2,5 миллион ғана халқы бар Моңғолияда Ислам дiнi онда тұратын қазақтар арасында ғана кең етек жайып, моңғолдардың өзi Ислам дiнiн қабылдай қоймаған едi.
Алматыдан Стамбулға ұшып бара жатқан Чадраабалын Сухэбаатарға кездейсоқ жолықтық. Әңгiмесiнiң бiсмiлдәсын “Алхамдулладан” бастаған оны бiз де әңгiмеге тартқан едiк.
— Мұсылман дiнiн қалай қабылдадыңыз?
— 2005 жылы Түркияның Стамбул қаласына отбасыммен көшiп келдiм. Мұнда Киятхане мүфтиятында Ислам дiнiн қабылдап, отбасыммен мұсылман атандым. Содан берi үш жыл болып келедi. Ұлым Стамбулдағы Мұхаммед әпендiнiң хазiретi деген медiреседе оқиды. Биыл бiтiруi керек. Алтын-күмiс сататын базарда қызмет етемiн. Моңғолияда бiр филиал ашпақ ниетте келiп, кетiп барамын.
— Ислам дiнiн қаншалықты меңгердiңiз?

— Ислам дiнiнiң Құран курсын Стамбулдағы медiреседе 6 ай оқыдым. Ұстаздарым маған қалай дұға жасауды, қалай сыйынуды үйреттi. Мұсылмандықтың 5 шартының бiрi — сүндетке отырдым. Қазiр мұсылман дiнiн жақсы бiлемiн деп сенiммен айта аламын. Шамамның келгенiнше, үгiт-насихат жүргiзiп келемiн. Менiң бiрге туған бауырларым жүргiзген үгiт-насихатыма қатты ұйып келедi. Бiразының бетi берi қарап қалды.
— Сiздiң ата-баба дiнiңiз Будда дiнi. Одан неге бас тарттыңыз?
— Будда дiнiнiң дұрыс емес тұстары өте көп. Мәселен, ол дiннiң қыр-сырына үңiлiп, ол жайында бiрдеңе бiлгiң келсе, ламалар бiзден ақша талап етедi. “Хямрын сан” деген кiтабын үйрету үшiн ламалар бiзден 10-15 мың төгрөг талап ететiн. Менiң түсiнiгiмде, дiн адамды пайдаланбауы керек, керiсiнше, көмек болуы тиiс. Ал, ламалар бiздiң қалтамыздағы ақшаға қарап, осы ақшаға сай дұға жасап берейiн дейдi. Мен талай дiндi зерттеп, оқып бiлдiм. Соның iшiнде адамға қол ұшын созатын, адамның игiлiгi үшiн жаралғаны — Ислам дiнi екен.
— Мұсылманның барлық шарттарын орындайсыз ба?
— Әрине, мұсылман адам қандай болуы тиiс, сол жолды ғана ұстанып келемiн. Келесi жылы қажыға барып қайтуды мақсат етiп отырмын. Әйелiм хиджаб киедi. Тек қызым ғана әзiрге Ислам шарттарына мойынсұна қойған жоқ. Ол Түркияға келген емес. Сол себептi де Мұсылман дiнiнiң қандай дiн екенi зердесiне жете қойған жоқ.
Қалай дегенмен де, өзiмiздiң ұстанған жолымыз, сенген сенiмiмiз бар. Кейде бiрдеңеден қысылғанда, жолың болмай жатқанда, мешiтке барып, дұға жасасам болды, iшкi дүнием тазарып, сарайым ашылып, көңiлiм сергiп қалады.
— Сiзден өзге мұсылмандыққа ден қойған моңғол отбасылары бар ма?
— Өз басым бiлмейдi екенмiн. Отбасымен Ислам дiнiн қабылдап, соның шарттарын орындап жүрген адамдарды кездестiрген жоқпын. Стамбулда мен барып жүретiн аудандағы Дiни басқарманың муфтиi “Бiздiң тарихымызда отбасымен Ислам дiнiн қабылдаған адам тұңғыш рет жазылып отыр” деген едi.
— Моңғолияда Ислам дiнi қандай деңгейде дамып келедi?
— Моңғолиядағы Ислам ендi ғана қанат жайып дамып келедi. Қазақтар шоғырлана орналасқан Баян-Өлгий аймағынан келген молдалар мен имамдар Мұсылман орталығын ашып, медiресе салып жатыр. Сауд Арабиясының көмегiмен Ұланбатыр қаласында үлкен мешiт салынып жатыр. Бұл өте үлкен орталық болатын сынды.
Ұланбатырда христиан дiнiнiң 141 орталығы бар. Моңғолияда 1990 жылға дейiн будда және ислам дiнiнiң өкiлдерi ғана болған едi. Қазiр астанамыз Ұланбатырда бiрде-бiр мұсылман ғибадатханасы жоқ. Биылдан бастап, осы бiр олқылықтың орнын толтыру iсi қолға алынып жатыр.
— Сiздiңше, Моңғолияда екi дiн өкiлдерi тұратынына қарамастан Ислам дiнi неге кеш дамып келедi?
— Бұған дейiн Ислам дiнi туралы түсiнiктiң өзi дұрыс болған жоқ. Бiздiң елде Ислам дiнiн тек терроризммен байланыстырып келдi. Араб өркениетi жайында дұрыс ақпараттар ендi ғана жете бастады. Моңғолияның президентi Намбарын Энхбаяр Сауд Арабиясы корольдiгiнiң арнайы шақыруымен Сауд Арабиясын, Мекке, Медине, Катар, Дубай қалаларын өз көзiмен көрiп қайтты. Мұсылмандардың нағыз өмiрiмен жақын танысты. Бұның өзi Моңғолиядағы мұсылман дiнiнiң дамуына өз септiгiн тигiзедi деп ойлаймын.
— Түрiк тiлiн қалай үйрендiңiз?
— Егер үйрену қажет болса, қай тiлдi де оңай әрi тез үйренiп алады екенсiз. Түркияға барғаннан кейiн, түркi тiлiнсiз өмiр сүру мүмкiн емес едi. Әуелi жекелеген сөздердi жаттап жүрiп, 6 айдың iшiнде үйренiп кеттiм. Менiң түркi тiлiн үйрену деңгейiмдi онда 5 жыл жүрген кәрiспен бiрдей деңгейде деп бағалады.
— Негiзгi мамандығыңыз қандай?
— Әскери офицер.
— Моңғолиядан сыртқа шығып кеткiсi келетiндер көп пе?
— Өзгелердi бiлмеймiн, әскери мамандығы бар адамдардың арасында ондайлар көп. Осыдан 2-3 жыл бұрын айлық жалақы 100 доллардың айналасында ғана едi. Бұл жалақымен күн көру мүмкiн емес қой. Сосын көбi шетелге шығып кеттi. Негiзiнен — Жапония мен Оңтүстiк Кореяға көбiрек кетедi.
— Түркияның азаматтығын қабылдадыңыз ба?
— Жоқ. Бiраз жылдан кейiн Ұланбатырға қайта оралып, дiни қызметкер болғым келедi. Баламды имам еткiм келедi. Сол мақсатпен Арабияға оқуға жiбермекпiн.
— Рахмет!

Әңгiмелескен Есенгүл КӘПҚЫЗЫ
«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір