Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2787 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 19:06

Ақтөбеліктер туған қаласның 140 жылдығын атап өтуде

Ақтөбе. 28 мымыр. ҚазТАГ – Ақтөбеліктер бүгін қаланың туылған күнін тойлап жатыр.  

Бұдан 140 жыл бұрын 1869 жылы 28 мамырда Ілек өзенінің иреңіндегі екі төбеде «Ақ-Төбе» әскери бекінісі салынғанды. Кейін ол әскери-бақылау қосын рөлін атқарып, ал 1891 жылы уездік Ақтөбе қаласы мәртебесін алды.        

Осы жерді қорғаған, өлке мен Қазақстанның дамуына баға жетпес үлес қосқан ақтөбелік бабалар - Әбілхаир хан мен Айтеке билердің ескерткіші мен Ә. Молдағұлованың мемориалды кешеніне, Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.   

Дүниеге жаңа келген сәбилерді нәресте орталығында қала әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. 28 мамырда таңғы сағат онға қалада 10 бала – 6 қыз, 4 ұл дүниеге келді.

Аналарға мерейтойлық сертификаттар тапсырылды. Гүл мен ойыншықтардан басқа олар сый ретінде 20 мың теңгеден алды. Басқа да бүгін сағат 24:00-ге дейін дүниеге келген нәрестелерді тура осындай сыйлықтар күтіп тұр. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы Мереке Нуртазиннің айтуынша, қалада, орта есеппен, күніне 35 бала дүниеге келеді.

Кешкілік ақтөбеліктерді эстрадалық үрмелі аспаптар музыкасының концерті, жастардың қалалық «Прорыв-2009»  фестиваль жеңімпаздарының концерті, «Ақтөбе» вокалдық-аспаптар ансамбілінің мерекелік бағдарламасы күтіп тұр.

0 пікір