Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2147 0 пікір 11 Сәуір, 2010 сағат 07:18

ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы ұшақ апатынан Польша президентінің қаза болуына байланысты көңіл айтты

Брюссель. 10 сәуір. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат СаудабаевРесейдің Смоленск қаласының маңында ұшақ апатында қаза болғандар арасында Польша президенті Лех Качинскийдің де қаза болуына байланысты Польша халқы мен апатта қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі. 

«Мен осы ұшақ апатында қаза болғандардың отбасыларына, Польша халқына шын жүректен көңіл айтамын. Осы бір ауыр минуттарда біз сіздермен біргеміз», - делінген көңіл айту жеделхатында.

Бұрын хабарланғандай, Солтүстік Смоленский әскери әуежайында Польшаның президенті Лех Качинскийдің Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында болғандардың барлығы қаза болды. Ресей ТЖМ мәліметтерінше, тірі қалғандар жоқ. «Әуежайға қонып келе жатқанда 10 сағат 56 минутта Варшавадан Смоленскіге ұшып келеген Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Алғашы мәліметтер бойынша, 87 адам - үкіметтің бірінші тұлғалары қаза болды», - деп хабарлады Ресейдің ТЖМ ақпаратты басқару басқармасының бастығы Ирина Андриянова.

Басқа мәліметтер бойынша ұшақ бортында 132 адам болған.

Лех Качинский мен оның жұбайы Смоленскінің түбіндегі Катынь зиратына барып, тоталитарлық жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арналған Ресейдегі алғашқы халықаралық мемориалдық кешенге тағзым етпекші болған. Бұл туралы кеше облыстық әкімшіліктен хабарлады. Катыньдағы қайғылы оқиғаның 70 жылдығына орайластырылған шараларда польша қауымдастығының, «Катынь отбасылары» қоғамдық ұйымының мыңдаған өкілдері қатысады деп күтілген. Мемориал облыс орталығынан 18 шақырым жерде Катын орманында орналасқан.

Лех Качинский 60 жаста болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661