Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2403 0 пікір 10 Сәуір, 2010 сағат 07:57

Бразильдік футболшы Павлодарда Қазақстан чемпионатының матчтының алдындағы жаттығу кезінде қайтыс болды

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Павлодарда Қазақстан чемпионатының жергілікті «Ертіс» пен «Қайрат» (Алматы) командалары арасындағы матчтының алдындағы жаттығу кезінде павлодарлық  клубтағы бразильдік легионер Даниэл Роберт де Жезус қайтыс болды.

Куәлардың айтуынша, ойын алдында легионер өзінің командалас серіктерімен жаттығу жүргізіп жатып, кенет нашар сезінген. Стадионға келген жедел жәрдем дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады.

«Жедел жәрдемді шақырдық, бірақ ол қайтыс болып кетті, өлім себебі анықталуда», - деді ойыннан соң, «Ертіс» ФК директоры Александр Гончаренко.

Оның айтуынша, «ойыншы ойын басталудың алдында екі сағат бұрын, футболшылар жаттығуға кіріскенде кенет нашар сезіне бастаған».

Даниэл Роберт де Жезустың жүрегі тоқтап қалды, ол бар болғаны 28 жаста еді. Ол «Ертіс» ФК үшін биыл ғана ойнауын бастаған. Ол үйленген және оның баласы бар екені белгілі. Оқиғаға байланысты Қазақстан премьер-лигасының матчты тоқтатылған жоқ және ол 0:0 болып, тең аяқталды.  

Еске  сала кетсек, бұл Қазақстан футболындағы бірінші қайғылы оқиға емес. 2006 жылы қыркүйекте тағы бір бразилиялық легионер Нилтон Мендес қайтыс болған. Былтыр наурызда бірінші турдың матчтынан кейін киінетін бөлмеде «Атыраудың» бас бапкері Антон Шохтың жүрегі тоқтап қалған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661