Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2145 0 пікір 10 Сәуір, 2010 сағат 07:52

Синоптиктер Қазақстанның батысындағы, солтүстігіндегі және орталығындағы өзендерде көктемгі су тасқыны болады деп болжап отыр

Алматы. 10 сәуір. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде республиканың батысындағы, солтүстігіндегі және орталығындағы жекелеген өзендерде көктемгі су тасуы болады, су деңгейі күрт көтеріліп, арнасынан асып, маңайын су басады, деп ескертеді Қазақстан ТЖМ.

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде сең бұзылуы одан ары жалғасып, су деңгейі күрт көтеріліп, арнасынан асып, маңайын су басуы мүмкін. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендерде су деңгейі көтеріліп, ауытқып тұрады деп күтілуде. 

Қазақстан территориясының шығыс бөлігінде сенбі күні антициклон ықпалы күшті болады. Батыс және оңтүстік өңірлер циклон және сонымен байланысты атмосфералық ағымдар ықпалында болады, деп хабарлайды ТЖМ.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында - кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз Қостанай облысында, түнде Маңғыстау облысында 15-20 м/с жел тұрады, Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2368
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661