Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2091 0 пікір 10 Сәуір, 2010 сағат 07:44

Шетелдік дипломаттар Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру бағытында Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде жасаған қадамдарын қолдады

Астана. 9 сәуір. ҚазТАГ – ЕҚЫҰ-ның ісбасындағы төрағасы, ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев жұма күні телефон арқылы болған сұхбатында Қырғызстандағы ахуалды Германия сыртқы істер министрі - Гуидо Вестервеллемен, Франция СІМ басшысы - Бернар Кушнермен және Түркия СІМ басшысы - Ахмет Давутоглумен, сондай-ақ ЕҚЫҰ бас хатшысы Марк де Бришамбомен талқылады, деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдрахманов.

«Сұхбатшылар Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қырғызстан Республикасындағы жағдайды реттеуге бағытталған қадамдарына толығымен қолдау білдіріп, алдағы уақытта да Астананың осы бағыттағы әрекеттеріне қолдау көрсететіндігін қуаттады», - деді А. Әбдрахманов жұма күнгі баспасөз брифингінде.

«Әңгіме барысында жағдайдың тез арада оңалуының, тараптардың арасында кең саяси диалог орнатудың және Қырғызстанның барлық халқының мүддесіне сай шешім іздеудің маңыздылығын ерекше атап өтілді», - деді ол.

ҚР СІМ мәліметтерінше, ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасының арнайы өкілі Ж.Кәрібжанов 8 сәуір күні Бішкекке келді, ал 9 сәуірде ЕҚЫҰ превентивтік дипломатия Орталығының директоры Герберт Зельбер келіп жетті. Қазіргі күні олар белсенді түрде консультациялар жүргізуде.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның бастамасымен Венада Қырғызстандағы жағдайға арналған ЕҚЫҰ-ның тұрақты кеңесінің арнайы отрысы өтеді.

Сондай-ақ СІМ мәліметтерінше, бейсенбі күні ҚР мемлекеттік хатшысы – сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев телефон арқылы БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ян Кубишпен, Ресей СІМ басшысы – Сергей Лавровпен, Испания СІМ басшысы - Мигель Моратиноспен, Литва СІМ басшысы – Аудронюс Ажубалиспен бірқатар сұхбаттар жүргізді.

«Сұхбаттасушылар Қырғызстандағы жағдайды барлық тараптардың қатысуымен кең ауқымды диалог арқылы реттеу керектігі туралы Қазақстан ұстанымын қолдап және осы елге ҚР парламент мәжілісінің вице-спикері Жәнібек Кәрібжановты арнайы өкіл ретінде жіберілгенін жоғары бағалады», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2148
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2553
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661