Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2707 0 пікір 8 Сәуір, 2010 сағат 05:09

Қырғызстанмен шекарадағы бақылау күшейтілді; адамдарды өткізу шектеулі түрде жүргізіліп жатыр, дейді ҰҚК

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасындағы бақылау күшейтілгенін, жағдайдың тұрақты екенін айтып сендірді.

«Шекара қатаң бақылауда, жағдай тұрақты. Шекара жабылды деп айта алмаймын. Біздегі қызмет күшейтілген режимге көшірілді. Қырғызстанның шекара қызметімен тұрақты түрде байланысып отырмыз», -деп мәлім етті бейсенбі күні агенттікке ҰҚК шекара қызметінің баспасөз хатшысы.

«Азаматтарды өткізуде біршама шектеулер енгізілді. Шекара арқылы елдеріне оралып жатқан Қазақстан және Қырғызстан азаматтары және шетелдік дипломаттар өткізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бізде Қырғызстан жақтан шекараны кесіп өткен қазақстандықтардың саны туралы мәлімет жоқ», - деп нақтылады ол.

0 пікір

Үздік материалдар