Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2739 0 пікір 8 Сәуір, 2010 сағат 04:15

СЕРIКТIКI НЕ СӨЗ?

Өткен аптада бiрқатар интернет-сайттарда белгiлi саясаткер Серiк Әбдiрахмановтың ел президентi атына жазылған хаты жарияланған едi. Онда бүгiндерi «Әдiлет» партиясы төрағасының орынбасары болып жүрген қайраткер елде орын алған көптеген келеңсiздiктердi атап, оларды жөнге келтiру үшiн бүткiл сайлау жүйесiн жаңартып, әдiл сайлау өткiзу, соттарды сайлап қоюға мүмкiндiк беретiн жаңа заң қабылдау және билiктiң тапсырысы бойынша сотталған Әкежан Қажыгелдин, Мұхтар Жәкiшев, т.б. саясаткерлердi ақтау қажеттiгiн сөз қылған-ды.

Бiр ескерте кететiн жайт - саясаткер өз сөзiнде орын алған олқылықтарға 20 жылдан берi билiк басында отырған Нұрсұлтан Назарбаев емес, оның төңiрегiндегiлер кiнәлi деген тұжырым танытты. Бiр кездерi «Нұр Отан» партиясының белдi мүшесi болған, Мәжiлiс депутаттығының мандатын екi-үш шақырылым бойы уысынан шығармаған саясаткердiң президентке жазған хатына қоғамға танымал қайраткерлер қандай пiкiр айтады - төмендегi сауалнамаға көңiл аударыңыз.

Балташ ТҰРСЫМБАЕВ:

Қазақта «Айтылған сөз - атылған оқ» деген бар. Сондықтан қандай жағдай бол­ғанда да,  Серiк Әбдiрах­мановтың хатында қазiргi кездегi шешiмi табылмаған барлық нәрсе ашық айтыл­ған. Одан саяси астар iздеу­дiң еш қажетi жоқ. Хатта айтылған жайттардың саясатқа қатысы бар ма, жоқ па - одан халыққа келiп-кетер пайда жоқ. Ең бастысы, Серiк Әбдiрахманов өзiнiң азаматтық ұстанымын бiлдiрiп, осылайша ашық хат жолдауын қолдағанымыз мақұл деп ойлаймын.

Дос КӨШIМ:

Менiңше, бұл хатты жолдау  арқылы Серiк Әбдiрах­манов екi түрлi позицияны ұстанған сияқты. Бiрiншiсi, күнi кеше  саясаттың бел ортасында жүрiп, айта алмаған талай мәселелердi шығаратын уақыттың жеткенiн мойындап, расында, қазiргi жағдайға алаңдауы да мүмкiн. Депутат болып тұрғанда, бұлайша көп нәрсенiң ақиқатын айтуына мүмкiндiк болмады ғой. Сондықтан ендiгi жерде осылай өз ойында қораланған жайттарды ашық хатқа түсiргiсi келген де сияқты. Ал, екiншi жағынан, ол өзiнiң осы хаты арқылы саяси алаңда белгiлi бiр имидж жасап қалуды мақсат тұтқан сияқты. Қалай бол­ғанда да, Әбдiрахмановтың бұлайша президентке ашық хат жолдауы - құптарлық жайт екенi даусыз.

Нұрлан ЕРIМБЕТОВ:

Менiң түйгенiм - Серiк Әбдiрахманов өзiнiң жан дүниесiнiң драмасын осы хат арқылы бiлдiрген сияқты. Кешегi Кеңес дәуiрiнде, одан берi елiмiз тәуелсiздiк алған жылдарда саясат алаңында болған Серiк мырза өзiнiң пайымын ашық бiлдiргiсi келген-ақ. Оның бұл қадамға баруы ендiгi жерде шегiнерге жол жоқтығын аңғартса керек. Бұл хат арқылы «Әдiлет» партиясының саяси астарлы мақсаты болуы мүмкiн емес. Жалпы, аталмыш партияның оппозициялық болуға ұмты­луы­на да себеп жоқ. Қысқасы, Серiк мырзаның бұл хатын бiр ауызбен орысша айтқанда, «крик отчаяния» десе болады.

Серiкбай ӘЛIБАЕВ:

Мен Серiк Әбдiрахмановты бұрыннан бiлемiн. Бұрыннан-ақ билiкке өз ойын ашық бiлдi­ретiн­дердiң бiрi болатын. Сонымен қатар елбасына деген пейiлi ерекше жан. Әбдiрахма­нов­тың президентке жолдаған ашық хатын, әрине, қолдаймын, бiрақ бiр айта кетерлiгi - хат президентке емес, қалың ұйқыдағы халыққа жолдануы керек едi. Елдегi келеңсiз мәселелердi қолға алу, қоғамда жаңа реформа жасау президенттiң емес, тек халықтың ғана қолында. Жиырма жыл бойы ешқандай қоғамдық реформа жасамаған президенттi ендiгi жерде елде өзгерiс жасайды деген - бос сөз. Бұл хатта тың ой, жаңа пiкiр айтылмаған. Осы күнге дейiн елiмiздiң оппозициялық партиялары қазiргi билiктегiлерге қойып келе жатқан талаптары қайталанған. Секең осыларды бiр жүйеге салып, жинақтаған десе де болады.

Хатты оқи отырып түйгенiм: Секең әлi де болса, президенттен көп нәрсе күтедi, яғни әдiл сайлау өткiзе алатынына, әлеуметтiк мәселелердi дұрыс шешерiне, саяси реформа жасайтынына т.б қатты сенедi. Алайда, менiңше, бұл мүмкiн емес. Хаттағы келтiрiлген жайттардың түйiнiн шешсе, тек бұқара халық шеше алады! Сондай-ақ, хатта ешқандай астар болмауы да мүмкiн. Бiрақ осындай ұстанымдағы Серiк Әбдiрахманов соңынан халық ерткен елi­мiздiң оппозициялық партия­ларының бiрiне өтiп, елмен бiрге қазiргi режимге қарсы  күрескенi әлдеқайда абзал iс болып саналар едi. Бұл хатқа билiктен жауап болады дегенге күмәнiм бар, ең дұрысы - халықпен бiрге жұмыла көтерсек, жүктiң ауырлығы болмайтынын Секең бiлсе екен.

Сауалнама салған -

Меруерт ХҰСАЙЫН,

«D»

«Общественная позиция»

(проект «DAT»14 (51) от 7 апреля 2010 г.

0 пікір

Үздік материалдар