Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2316 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 15:53

Оппозиционерлер алып қашып әкелген БТР көмегімен үкімет ғимараттарының территориясына басып кірмекші

Бішкек. 7 сәуір. ҚазТАГ – Қырғызстан астанасында оппозиционерлер алып қашып әкелген БТР көмегімен үкімет ғимараттарының территориясына басып кіруге әрекеттеніп жатыр, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі оқиға орнынан.

Оның мәліметтерінше, ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік қызмет (ҰҚМҚ) территориясынан оппозиция өкілдері әскери қаруы бар БТР-ді алық ашып кеткен. Үкімет үйінің алдындағы алаңға жиналған оппозиционерлердің шапалағымен осы машинаның көмегімен үкімет ғимараттары орналасқан территорияға басып кіру үшін, қақпаны сындыру әрекеті болды.

Қазіргі уақытқа үкімет үйін күзетушілер шабуылдаушыларды болжам бойынша бос оқтармен атқылап, шабуылға тойтарыс берді.

Алаңда шамамен 15-20 мың адам бар. Олардың саны өсіп келеді. Құқық қорғау органдарының мәліметтерінше, жолаушылар автобусымен Бішкекке оппозиция өкілдері де билікті қолдаушылар да ағылуда.

Қазір Бішкекте бас прокуратураның, жогоргу кенештің (Қырғызстан парламентінің) және ҰҚМҚ ғимараттарын өртеп жіберді.

0 пікір