Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2340 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 12:57

«АрселорМиттал Теміртау» көміршілерінің кәсіподақтары кеншілердің ұжымдарында әлеуметтік алаңдаушылыққа жол бермейді

Қарағанды. 28 мамыр. ҚазТАГ – «АрселорМиттал Теміртау» көміршілерінің кәсіподағы  ең ірі шахталар – «Шахтинская», «Тентек», «Қазақстан» және Ленин атындағы шахталар орналасқан Шахтинск қаласының жұмыс ұжымдарындағы жағдайды «күрделі» деп бағалап отыр.

Сәрсенбі күні «Тентек» шахтасының жұмыскерлері ҚазТАГ агенттігіне әкімшілік енгізіп жатқан шараларға қарсы наразылық акциясын өткізбек ниеттері туралы хабарлаған болатын.

«Егер әкімшілік ультиматум енгізсе, біз шахтаны тоқтатуға дейін барып, жауап шараларды қабылдаймыз», - деп хабарлады жұмыскерлер. Алайда, кейін анықталғандай, қалалық әкімдікке шахталардың ұжымдарынан митинг өткізу туралы өтініштер түспеген.

Көміршілер кәсіподағы төрағасының бірінші орынбасары Сергей Сивков қазіргі уақытта кәсіподақ жетекшілері Шахтинск шахталарының ұжымдарын аралап, шараларды түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Жұмыс ұжымдары ахуалдың маңыздылығын түсінеді деп үміттенеміз. Біз келісімге қол қою барысында әкімшілікке кейбір тұстар бойынша жол беруге мәжбүр болдық. Алайда біз еңбекақы қорының көлемін барынша сақтап қалуға тырыстық. Жалақы қоры мен демалыс уақытын азайтпау мүмкін емес еді. Бұл келісім компаниядағы ахуалға сәйкестендірілген. Қазір ең бастысы – жұмыс орындарын сақтап қалу, Кузбастағыдай адамдарды жұмыстарынан айырмау. Келісім хаттамасына үш ай мерзімге ғана қол қойылды. Бұл мерзім аяқталған соң келісім комиссиясы жұмысын қайта жандандырады, егер ол уақытқа дейін ахуал тұрақтанса, шарттар қайта қаралады. Біз жұмыс ұжымдарына осыны жеткізгіміз келеді», - деп атап көрсетті С. Сивков.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1981
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1944
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571