Бейсенбі, 4 Наурыз 2021
Жаңалықтар 2118 0 пікір 1 Сәуір, 2010 сағат 13:46

Алматыда VIP-авиакомпания кеңсесіне шабуыл жасаған үш тонаушы ұсталды

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – Алматыда VIP-персоналарға авиатасымалдау қызметімен айналысатын авиакомпания кеңсесіне шабуыл жасаған төрт қарақшының үшеуі ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Оперативті-тергеу тобына, тонаушылар оқиға орнында қалдырған айғақтарды зерттеп, күдіктілерді ұстауға екі апта уақыт керек болды. Ұсталғандардың барлығы Алматы облысы Талғар ауданының тұрғындары, оның ішінде екеуі аға-інілер. Тергеушілер дәл солардың өздері шабуылды ұйымдастырған деп ойлайды.

Жауап алу барысында олар «біреудің сілтемесімен» ұрлық жасағаны расталды. Бұл болжам күзетшінің, қарақшылар кеңсеге кіретін есіктің электрондық құлыпының кодын білген деп айтқан көрсетулерінің негізінде пайда болды.

Алматы қылмыстық полиция басқармасының (ҚПБ) бастығы полковник Амангелді Шідерқұловтың айтуынша қылмыс себебі - жеке бастың қамы. Тергеу барысында ағайындылардың кішісі көптен спорт мототциклін сатып алғысы келіп жүргені және ұрланғанды бөліскен соң, оны бірден сатып алғаны белгілі болды.

«Заттай айғақтар ұрылар ұсталған, жалға алған пәтерде сақтаулы екен. Бірден айтайын, бұл оқиғаның ешқандай куәсі болмады. Есінен танған күзетші бізге шабуылдағандарды сипаттай алмады. Сондықтан ұрыларды есептеп шығару тек оперативтік тәсілмен жүргізілді», - деп атап көрсетті А. Шідерқұлов. Ол қылмыстың  төртінші қатысушысын ұстау - уақыт еншісінде дейді.

Бұрын хабарланғандай, 16-шы наурызда, түнгі бірлер шамасында маска киген төрт қарақшы дуал арқылы аулаға кіріп, VIP-авиакомпания кеңсесіне енген. 34 жасар күзетшінің қарсылығына тойтарыс берген олар, күзетшіден қаруын да тартып алып, скотч және желіден үзіп алған телефон сымымен оны байлап тастаған.

Қылмыскерлер кеңсені тінтіп, ішінде 1,5 млн теңгесі бар сейфті, ноутбукты, оқтаулы тұрған «Сайга» карабин мылтығын алып, тайып тұрған.

0 пікір