Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2175 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 04:37

Шығыс Қазақстанда кеден қызметінің бірнеше қызметкеріне қарсы қылмыстық істер қозғалды

Өскемен. 27 мамыр. ҚазТАГ –Шығыс Қазақстан облысының КБД ішкі қауіпсіздік бөлімі «Оба» және «Бақты» бекеттерінің бірнеше қызметкеріне қатысты алаяқтық және салақтық деректері бойынша қылмыстық істер қозғады.

ШҚО КБД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Оба» бекетінде ел аумағына әкелінетін көлік құралдарын кедендік рәсімдеудегі алаяқтық дерегі анықталған. Ресей аумағында ұрланған жол талғамайтын шетелдік екі көлік жалған құжаттармен жалған адамның атына рәсімделіп, қазақстан шекарасы арқылы өткізілген. Автокөліктердің жалған қожайыны ҚР шекарасын кесіп өтпегеніне қарамастан, бекеттің аға маманы жеткізуді бақылау құжатына жалған мәліметтерді енгізген. Осылайша кеденші ұрланған шетел көліктерін заңсыз рәсімдеуге көмек көрсеткен.

«Бақты» бекетінде кеден қызметінің аға маманы қызмет бабын пайдалана отырып, ҚХР тауарларының ірі партиясын кедендік рәсімдеусіз өткізіп жіберген. Жасырылған салықтар мен төлемдердің сомасы 20,3 млн теңгеден асып түсті.

Осы бекеттің екі қызметкері кедендік құжаттарға жалған мәліметтерді енгізгені және кедендік теңдестіру құралдарын бұрмалағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылды. Соттың шешімімен екеуі шартты түрде 3 жылға сотталды. Сот арқылы «салақтық» бабы бойынша екі айлық жалақы көлеміндегі айыппұл төлеуге міндеттелген олардың әріптесі жүк артылған көлік құралын тауарлар жеткізілімін автоматтандырылған бақылау жүйесімен тексермей өткізгені үшін жауапқа тартылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2072
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2499
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2109
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1609