Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2276 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 04:32

ОҚО-да әлеуметтік бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алулар кезінде ірі көлемде ақша жымқыру жасалған

Шымкент. 27 мамыр. ҚазТАГ – Әкімшілер мемлекеттік сатып алуларға қатысты қылмыстардың негізгі бөлігін мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында жасайды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті баспасөз қызметінің басшысы Жұпар Мамұтова хабарлады.

«Әкімшілердің өздері кейде бюджеттік сұранымдарды жоспарлаған кезде тауарлардың құнын жасанды түрде асырып көрсетеді, осылайша мемлекеттік сатып алулар кезінде заңның бұзылуына алғышарттар жасайды. Бұл салада қылмыс жасау әдістері әр түрлі және күн өткен сайын жетілдіріліп келеді», - деді Ж. Мамұтова.

Мысалы, қазір Бәйдібек аудандық медициналық бірлестігінің бастығына қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Ол «МКиК» ЖШС-тің аудандық аурухана ғимаратына 191 млн теңге соманың күрделі жөндеу жұмыстарын орындағаны туралы актілерге заңсыз қол қойған. Іс жүзінде жөндеу жұмыстары 137 млн теңгеге ғана жүргізілген. «Осылай жасау арқылы ол мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін өрескел бұзып, 54 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірді. Осы дерек бойынша жоғарыда аталған ЖШС-тің директоры да қылмыстық жауапқа тартылды» - деп түсіндірді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Департаменттің мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылы облыста бұл салада 66 жемқорлық қылмыс анықталды, сотқа 35 қылмыстық іс жолданып, 28 адам сотталды. 2009 жылдың басынан бері бұл саладағы қылмыстардың ашылуы 72 % артты, қазір 31 қылмыстық іс қозғалған. Олардың төртеуі сотқа жолданды. 2008 жылы аяқталған қылмыстық істер бойынша өтелген шығынның сомасы 67 млн теңгені құрады. Биыл - 23,6 млн теңге.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2531
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2252
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1638