Жұма, 5 Наурыз 2021
Жаңалықтар 2080 0 пікір 29 Наурыз, 2010 сағат 05:10

Әлем таныған әсем мереке келекеге айналды

Ауданымызда ұлыстың ұлы күнінде ұят тірлікке жол берілді. Күнінен бұрын тойланған мерекеге халықтың өкпесі қара қазандай болғаны былай тұрсын, бес мың жылдық тарихында бүкілхалықтық деңгейге көтерілген жаңару күні саясиланып кете барды.

Бір оқпен үш қоянды атып алудың әдетке айналуын жергілікті биліктің араласуымен болып жатқанын «ыммен» жеткізген аудан халқының мәдениетін қалыптастырушылар екі иығын «амал қанша?» деп қиқаң еткізуден әріге аса алмады. Орын-орнымен әр күнге жоспарланған шаралардың басын біріктіріп жібергеніне «басын шайқаған» олардың «бұйрық талқыланбайды, орындалады» деген қағидаға көнбеске амалы қалмағанын анық ұғындық.

Мәселен, наурыздың жиырма екісі күні кешкісін Мақаттағы Орталық алаңда үш сағаттық концерт халық назарына ұсынылды.

Ұлыстың ұлы күні мен наурыздың жиырма біріне жоспарланған «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күніне арналған ең үздік махаббат әндері кеші шарасына нашақорлыққа қарсы күрес шарасы әкеп жапсырылды.

Шараны ұйымдастырушы Мақаттағы мәдениет үйінің директоры міндетін атқарушы Б.Сартбаевтан сұрағанымызда жоғарыдан осындай тапсырма келгенін айтты. Бұл пікірді «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Абдолқызы да қайталады.

Шуағын шашқан көктемнің нұрлы шапағатына жарымаған халық өстіп мерекені қарсылады. Сонда дейміз-ау, махаббаттың биік шыңы, туған халқымыздың мақтанышына айналған Баян сұлудың ділімізге жат болса да жастарымыздың бойына сіңіп кеткен Валентинадан кем болғаны ма? Шынымен, жылдың бір күні Баянға бұйырмады ма? Ұлттық бедеріміз мен беделімізді жоғалту осындайдан басталмайды ма, деген сансыз сауал сананы торлайды. Әттең, жарытымды жауап тағы жоқ.

«Мүйіз сұраймын деп жүргенде сақалдан айырылдымның» кері келгенін тағы қосып қоялық. Өйткені, халық жиналатын Орталық алаңдағы киіз үй іспетті сахнаның қабырғасы сөгіліп мереке алдында орнынан алынып тасталды.

Өнерпаздардың амалсыздан кент әкімшілігінің табалдырығын сахнаға айналдыруына тура келді. Күміс көмей әнші мен мың бұралған бишілерден құралған аудан өнерпаздарының тар жерде аяғын екі адым әрі-бері баса алмай, тұрған жерінде қадала қимылдауына әкеп соққан ыңғайсыздыққа қарамастан концерт өтті.

Бұл-біздің мәдениетке мұрын ұшынан қарайтындығымыздың белгісі емей немене?

«Буынсыз жерге пышақ ұрудың» салдарынан сорақылықтарға жол берілгеніне кім жауап береді? Тағы да сансыз сауал.

Содан не керек концерт басталды. Салтанатты шараны «Ұлыс оң болсын!» деген бір ауыз сөзбен кент әкімі Қ.Төлеуов ашып берді.

Оның сөзін сабақтаған «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Т.Дюсов негізгі миссиясын орындап, жастарды нашақорлықтан қашық жүріп, салауатты өмір сүруге шақырды.

Мәңгілік махаббат пен наурыз туралы әндер шырқалып, би билеген өнерпаздардың сазды сәлемі өтті де кетті.

«Еңбек туралы» Кодекстің аяққа жаншылып, «елдің еріндегісі» жырылғаны, яғни халықпен санаспаған биліктің «бұра тартуы» наурыз мейрамының нақ тойланар шағында осындай ерекшелігімен тарихта қалатын болды.

Осы орайда Елбасымыздың Наурыз мерекесіне арналған салтанатты кеште сөйлеген сөзі еске оралады. Ол өз сөзінде халықаралық мереке ретінде қабылданған мейрамнан біздің жаңа жылымыз басталуы тиістігін айта келе, әсіресе, жастарымызды қазақтың шыққан тегін, халықтың салт-дәстүрін даңқты бабалардың өнегелі өмірін міндетті түрде білуге баулуға тиістігіміз туралы айтты.

«Бір оқпен үш қоянды атып» жүргенде бұл, сірә, мүмкін бе? Еңбек күнінде жұмыстан шыға алмай зар қақсаған талайдың ұлық мерекеден құр қалғаны, бір мерекенің тасасында бір мерекенің қалып қоюы бізді мұндай мұратқа жеткізе ала ма? Әрине, жоқ.

Қысқасы, әлем таныған әсем мереке Мақат кентінде сәнінен айырылып, келекеге айналды.

А.ТАПАН.,

Атырау облысы, Мақат кенті

0 пікір