Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2497 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 04:23

Алаш азаматына араша болайық!

Қазақ баспасөзі сәуір айының соңында көршілес Қырғызстанның Шу облысының Петровка елдімекеніндегі ұлтаралық қақтығыстар туралы хабарлаған болатын. Алайда, өкінішке орай, осы қайғылы оқиғадан кейінгі жағдай, оның ішінде осы іске байланысты қандасымыз, Қырғыз Республикасы қазақтарының «Алаш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Бөлекбаевтың тұтқындалғаны жайындағы шынайы ақпарат жоқтың қасы…

Өмірдерек
Бөлекбаев Еркін Қасымұлы

Қырғыз Республикасы қазақтарының «Алаш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қырғызстанның жасылдар партиясы Орталық кеңесі Төралқасының төрағасы.
1961 жылдың 13 наурыз күні Қырғыз Республикасы, Шу облысы, Соқулық ауданының Соқулық ауылында дүниеге келген.
Бірнеше мәрте Қырғыз Республикасы Жогорку кенешының мүшесі. Қырғыз Республикасының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссиясының мүшесі, Қырғыз Парламентінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы ұлттық делегациясының мүшесі.
Қазақстан мен Қырғызстанның парламентаралық комиссиясының мүшесі.
Бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған. Төрт баланы тәрбиелеп отыр.

Қазақ баспасөзі сәуір айының соңында көршілес Қырғызстанның Шу облысының Петровка елдімекеніндегі ұлтаралық қақтығыстар туралы хабарлаған болатын. Алайда, өкінішке орай, осы қайғылы оқиғадан кейінгі жағдай, оның ішінде осы іске байланысты қандасымыз, Қырғыз Республикасы қазақтарының «Алаш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еркін Бөлекбаевтың тұтқындалғаны жайындағы шынайы ақпарат жоқтың қасы…

Өмірдерек
Бөлекбаев Еркін Қасымұлы

Қырғыз Республикасы қазақтарының «Алаш» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қырғызстанның жасылдар партиясы Орталық кеңесі Төралқасының төрағасы.
1961 жылдың 13 наурыз күні Қырғыз Республикасы, Шу облысы, Соқулық ауданының Соқулық ауылында дүниеге келген.
Бірнеше мәрте Қырғыз Республикасы Жогорку кенешының мүшесі. Қырғыз Республикасының ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссиясының мүшесі, Қырғыз Парламентінің ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясындағы ұлттық делегациясының мүшесі.
Қазақстан мен Қырғызстанның парламентаралық комиссиясының мүшесі.
Бірнеше мемлекеттік наградалармен марапатталған. Төрт баланы тәрбиелеп отыр.

…Естеріңізге сала кетейік, 26 сәуір күні Петровка ауылында жойқын ұлтаралық қақтығыс болған-ды. Даудың басы өзіміздің Маятас аулында орын алған оқиғаға әбден ұқсайды: қырғыз және орыс жұртшылығы ұлты күрд ер азамат төрт жасар қызды зорлады деп айыптап, осы ұлтқа жататын ауылдастарын соққыға жығады. Қақтығыстардың салдарынан бірнеше адам жарақаттанады. Нобайы жүзге жуық адам тұтқынға алынады.
Келесі күні 27 сәуірде сол ауылда «төбелес шығарды» деген айыппен қамалғандардың туған–туыстары жиналып, үлкен наразылық акциясын өткізеді. Митингіге жиналушылар елге танымал азаматтарды, парламент депутаттарын, партия басшыларын шақырады. Халқына араша түсем деп келген ел азаматтарының ішінде «Алаш» қоғамының басшысы, Қырғызстанның жасылдар партиясының басшысы Еркін Бөлекбаев та бар еді…
Жасылдар партиясы мен Бөлекбаевтың адвокаттарына сенетін болсақ, қандасымыз Петровка ауылы тұрғындарымен телефонмен сөйлескен бойдан көлігіне мініп, жол жүріп кеткен. Сондағы барлық ойы халықты тыныштандырып, басу айтып, келеге шақыру болатын. Алайда, Петровкаға келген бойдан Бөлекбаевты жергілікті милиция қызметкерлері «ұлтаралық қақтығысты ұйымдастырушысың» деп тұтқындап, ұлттық қауіпсіздік комитетінің изоляторына апарып қамап қояды.
Бір қызығы дәл сол күні елдің бас прокуроры Сатыбалдиев пен ішкі істер министрі Қонғантиевті қабылдаған Қырғыз президенті Құрманбек Бәкиев Петровкада болған жағдайға мүлдем басқа баға берген болатын. Аталған лауазым иелерін қабылдай отырып ол: «Адамның жаны түршігерлік жайт (кішкентай қызды зорлау – «Абай–информ») осыдан үш апта бұрын болған екен. Неліктен құқық қорғау органдары қажетті іс–шараларды атқармады? Неге олар сол кішкентай бүлдіршіннің ата–анасы ғана емес, жалпы сол ауыл тұрғындарының арыздары мен талаптарына назар аудармады? Мұндағы басты айып өз билігінен көмек пен әділет көре алмаған қарапайым адамдарда емес! Барлық кінә азаматтардың жан-айқайы мен қорлығына пысқырып та қарамаған, мәселені жылы жауып тастағысы келген шенеуніктердің мойнында!» – деп қадап айтқан болатын. Әдеттегідей осындай айбарлы сөздердерден кейін жергілікті милиция басышысы мен аудан прокуроры қызметтерінен бостылады.
Жоғары билік өкілдерінің елбасшысының тарыпынан алған «сыбағасы» осындай болса, қақтығыстан кейін халқына, ауылдастарына араша түсем деп келген қандасымыз Еркін Бөлекбаевтың айыбы неде? Бұл қудалаудың артында қандай күштер тұр? Қырғызстанның арнайы органдары өздеріне жүктелген кінәні басқа күштерге жапқысы келгені ме? Әлде Қырғызстан билігі сайлау алдында өзінің белді де беделді қарсыласын, қырғыз оппозициясы көшбасшыларының бірі болып табылатын Бөлекбаевты «ойыннан шығарып тастағысы» келіп отыр ма? Ойыннан «уақытша шығарып тастағысы» келе ме? Әлде оны мүлдем құртып жібергісі келе ме?
Бұлай дейтін себебіміз де жоқ емес. Кеше ғана редакциямызға Қырғызстанның жасылдар партиясының баспасөз қызметі таратқан ақпарат келіп түсті. Партияның баспасөз қызметінің хабарына сенсек, бүгінгі күні Бөлекбаевтың өміріне қауіп төніп отыр екен. Ол тұтқындалған күннен бастап 8 мамырға дейін тергеу изоляторында жалғыз өзі отырған. Тергеушілер таққан айыптарға үзілді-кесілді қарсы шығып, оларды мойындаудан бас тартқаннан кейін Бөлекбаевтың камерасына Шурол Шарипов деген наркоман қылмыскерді отырғызыпты. «Есірткісіз есіріп кететін қылмыскердің белгілі саясаткермен бір камераға отырғызылуы Бөлекбаевқа жасалған қысым ғана емес, оның өміріне төнген қауіп» дейді Жасылдар партиясының белсенділері.
Ол аз болғандай арнайы қызметте істейтін құзіреті күшті мықтылар бір аптадан кейін Бөлекбаевтың камерасына Ілияс есімді адам өлтірген деген айыппен сотталып жатырған тағы бір қылмыскерді отырғызыпты. Адвокаттардың айтуынша, бұнда да үлкен гәп бар көрінеді. Бүгіннің өзінде қос қылмыскер Бөлекбаевқа қысым көрсетіп, қолында бар заттарын, кітаптарын (оның ішінде Қылмыстық кодекстің мәтінін) тартып алып, оны төбелеске не қақтығысқа итермелеп бастаған. Бөлекбаев барынша сабыр сақтап, ешқандай арандатуға бармауға тырысып бағуда. Алайда осындай «дүрдараз көршілестік» жалғаса беретін болса, оның түбі қайда апаруы мүмкін? Саяси диссиденттерді қылмыскерлердің қолымен жазалау Кеңес заманынан қалған арнайы органдардың тәсілі емес пе еді? Кезінде Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков те осындай «көршілестіктің» кесірінен мерт болған жоқ па еді?
Қалай болғанда да қазақ қауымы, ұлт патриоттары қандасымыз Еркін Бөлекбаевқа араша түсуі керек! Егер Еркіннің өмірі не болмаса денсаулығына зақым келсе, бұл қылмыс тек оның «камералас көршілерінің» ғана кінәсі болмасы хақ. Ол бүгінгі қырғыз билігі мен арнайы қызметтеріне жағылған өшпес таңба болатыны анық! Қырғызстанда қазақтекті саясаткерлер бірінен кейін бірі «жұмбақ жағдайда» мерт болып жатса (осыдан екі ай бұрынғы Медет Садырқұловтың мерт болуы туралы көп айтылған болатын) не болғаны? Бұндай «саяси ойындар» Қырғызстанның имиджіне ғана емес, жалпы біртуған қазақ пен қырғыз халықтарының достығына, бауырластығына көлеңке түсіреді емес пе? Абай болайық, ағайын!

Айдос Сарым, «Абай-информ»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2530
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637