Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3402 0 пікір 26 Наурыз, 2010 сағат 18:22

Тіркелмеген «Алға» партиясының көшбасшысы Алматыда рұқсат етілмеген демонстрация ұйымдастырғаны үшін 10 күнге қамалды

Алматы. 26 наурыз. ҚазТАГ– Алматының әкімшілік сот судьясы тіркелмеген «Алға» партиясының көшбасшысы Владимир Козловты бейсенбі күні рұқсат етілмеген демонстрация ұйымдастырғаны үшін 10 күнге қамау туралы үкім шығарды. Жұма күні кешкісін, таратылып жіберілген «Алға» партиясын құру жөніндегі ұйымдастыру комитетінің баспасөз қызметі осындай хабар таратты.

«Бүгін өткен (жұма күні – ҚазТАГ) сот Владимир Козловтың әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтап, «бұзушыны» 10 күнге әкімшілік қамау жазасын қолдану туралы шешім шығарды», - делінген партияның ақпараттық парақшасында.

Оппозиционерді 11 сағат 40 минутта ол, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне ұжымдық шағым беріп, Алмалы ауданының прокуратурасынан шығып келе жатқанда ұстады. Өткен бейсенбіде полиция қызметкерлері Жібек жолы даңғылында партияның алты белсендісін Алматы Арбатында «Қазатомөнеркәсіптің» экс-басшысы Мұхтар Жәкішевтің 14 жылға сотталғаны туралы буклет таратып жүргенде ұстаған болатын.

Алматы ІІД мәліметтерінше, В. Козловқа қарсы ҚР әкімшілік кодексінің 373-ші бабы, 3-шы бөлімі – «заңсыз жиналыс, шеру, митингі өткізу» бойынша – бұзушылық жасағандығы туралы жиналған материалдар сотқа шешім қабылдауға жіберілген.

Тіркелмеген ұйым мүшелері өз басшыларының қамауға алынуының саяси астары бар деп есептейді және В. Козловтың ұсталуына байланысты «Алға» белсенділері қазақстандық және шетелдік қауымдастықты өздерінің көшбасшыларына қолдау білбіруге, оның ақпаратты еркін таратуға, алуға деген құқығын қолдап, сондай-ақ ел президентінен полицияны Конституция аясында әрекет етуге міндеттеуді талап етуге шықырды.

Сот шешімін қабылдамай тұрып В. Козловтың серіктестері оны 15 тәулікке қамайды деген ақпарат таратқан болатын.

0 пікір