Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2947 0 пікір 23 Наурыз, 2010 сағат 12:14

Тасқын судан қираған Қызылағаш аулындағы қаза болғандар саны 42 адамға жетті; екі жасар баланың денесі табылды

Алматы. 23 наурыз. ҚазТАГ – Тасқын судан қираған Қызылағаш аулында екі жасар баланың денесі табылып, қаза болғандар саны 42 адамға жетті, деп хабарлады сейсенбі күні ТЖМ. 

«22-ші наурызда 17 сағат 10 минутта 2008 жылғы Дәурен Нұрматовтың денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті. Мәйіт Талдықорғандағы мәйітханаға жеткізілді», - делінген хабарда.

Хабарда айтылғандай, ТЖ аумағында жұмыс істеп жатқан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімшесінің 165 жауынгерден тұратын бір тобы «Қазавиақұтқару» тікұшағымен Қызылағаш ауылының солтүстік бағытында, ауылдан өзен бойымен 30 шақырымға десантпен түсірілген болатын. «Олар ауылға қарай өзен бойын жағалай тасқыннан зардап шеккендерді іздеу барысында, шамамен 18 шақырым жерден 2 жасар баланың денесін тапты», - делінген ТЖМ хабарында.

ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімшесінің 100 жауынгерден тұратын екінші тобы Қызылағаштағы үй қирандыларынан зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарын жалғастырды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындардың құжаттарын іздестіру мен мүліктерін шығару жұмыстары жүргізілді.

Бұл ретте үш үйдің қирандылары аршылып, мүліктері шығарылды.

Сондай-ақ аулалар мен көшелерді ұсақ мал мен ірі қара малдың, және басқа да үй жануарларының өліктерін тазарту жұмыстарын жүргізу жалғасты. 

Іздестіру-құтқару жұмыстары басталғалы қаза болғандардың 42 денесі табылды. Олардың арасында 11- ер азамат, 17 – әйел, 14 – кәмелетке толмағандар – 9 ұл бала мен 5 қыз бала бар.

0 пікір