Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2881 0 пікір 23 Наурыз, 2010 сағат 12:13

Қызылағаш тұрғындарының эвакуацияланғандарының арасында инфекциялық ауруға шалдыққандар тіркелген жоқ - ТЖМ

Алматы. 23 наурыз. ҚазТАГ – Алматы облысы Ақсу ауданындағы тасқын судан зардап шеккен Қызылағаш тұрғындарының эвакуацияланғандарының арасында инфекциялық ауруға шалдыққандар тіркелген жоқ, деп хабарлайды ТЖМ.

«Талдықорған мен Текеліге эвакуацияланғандардың тұрып жатқан жерлеріне мемсанэпидқадағалаудың қалалық мамандары бекітілген және эвакуацияланғандардың күнделікті тамақтары мен тұрмыс жағдайына бақылау қойылған. Қызылағаш елді мекенінде үйлерге күн сайынғы тексеру жүргізіліп тұрады. Эвакуацияланғандар арасында инфекциялық ауруға шалдыққандар тіркелген жоқ», - делінген ТЖМ сайтында жарияланған хабарда.

Халық арасында инфекциялық және аса қауіпті аурулардан сақтану мен кене арқылы жұғатын аурулардан сақтануды түсіндіретін 100 жадынама, 63 буклет пен 87 кітапша таратылды.

ТЖ аумағында облыстық ТЖ-нің азаматтық қорғаныс (АҚ) бөлімінің химиялық және радиациялық қорғаныс бөлімшелері 4 техника, оның ішінде жылжымалы арнайы автозертханамен жұмыс істеп жатыр. «Азық-түлік, тағам, ауыз су қауіпсізідігіне тұрақты тексеру орнатылған», - дейді ТЖМ.

Қазір екі ұңғыны бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың біреуі - 90 метр, екіншісі - 75 метрге бұрғыланды. Су жеткізуге арналған ұзындығы 500 метрлік арна қазылды.

ТЖМ мәліметтерінше эвакуацияланған 1700 адамға есептелген 200 палатка орнату жоспарланған, олардың қазір 98 палаткасы орнатылып, 210 адам орналастырылды. Кенелерді ұстау жұмыстары жалғасуда.

Облыстық ТЖ және АҚ инженерлік қызметтері қандай жерлерді қирандылардан тазартып, үй салуға болатыны туралы 56 мердігер ұйымдарға рұқсат берілді. Қазір 408 ғимарат құрылысы басталды.

«Көркейту» РМК, «Саба-Курылыс» ЖШС, «Жигули» ЖШС, «Ілесуқұбыры» РМК коммуналдық – техникалық қызметтері, ДСУ-13 жеті су тасығышпен ауыз су тасып беріп отыр.

0 пікір