Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2985 0 пікір 21 Наурыз, 2010 сағат 08:06

Шығыс Қазақстанда 30-дан астам елді мекенді тасқын су басты, 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Өскемен. 21 наурыз. ҚазТАГ – Ауа райының жылынуы мен жауын-шашынға байланысты Шығыс Қазақстан облысының 8 ауданында 30-дан астам елді мекенді тасқын су басып, 6331 мың адам эвакуацияланды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Ең ауыр жағдай Тарбағатай ауданында орын алып отыр. Мұнда толығымен, не жартылай 22 ауыл мен кенттерді тасқын су басты: Танамырза, Құикөл, Ойшылық, Жантікей, Есім, Қызыл, Жұлдыз, Жаңа-аул, Ахметбұлақ, Сарыөлең, Көкжыра, Қамысты, Жетіарал, Үштобе, Ақсуат, Манрақ, Бозша, Екпін, Қаргыба, Қожагелды, Қарой, Серіктес ауылдары. Бұл ауданның жартысы. 4,5 мың адам эвакуацияланды. Біреулері туыстарына кетіп жатса, басқаларын мектептер мен интернаттарда орналастырылды. Құтқару жұмысындағы ең қиыны - жолдардың жоқтығы. Қызылкесік-Аягөз автожолында көпір зақымданып, Ақжар аулынан Ақсуат аудан орталығына дейінгі жол шайылып кеткен. Күртік қарға байланысты барлық бағыттағы жолдар жабық», - дейді департаменттегілер.

Ұлан ауданында Ұланка өзенінде каскадпен салынған көлдегі су тасуынан үш селоны - Завидное, Герасимовка, Казачье-ні су басты. 1013 адам эвакуацияланды.

Күршім ауданында таудағы қар еруінен Қаратоғай селосын су басып, 384 адам эвакуацияланды. Күршім, Қалжыр, Калгутинка, Қаратал және Теректі өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі себепті 11 елді мекен су басу қаупінде тұр.

Зайсан ауданындағы Тасбастау ауылын су басты, 170 адам эвакуацияланды.

Абай ауданында, аудан әкімдігінің мәліметтерінше, Қарауыл селосына тасқын судың бірінші толқынымен 17-наурызда көшкен халық біртіндеп қайта орала бастады. Қазір барлығы 9 ауыл округтарының 6-сы  тасқын судан зардап шекті. Қауіпсіз жерлерге 48 отбасы эвакуацияланды. Ондағы жағдайды қыстаулар мен шалғайдағы ауыл округтарына апаратын жолдардың жоқтығы қиындатып тұр.

Зырян ауданындағы Бұқтарма және Тұрғысын өзендеріндегі су деңгейі қауіпті деңгейге көтерілді. 6 селоны (Быково, Богатырево, Путинцево, Парыгино, Зубовск, Тұргысын) және Серебрянск қаласын су басу қаупі бар. Кейбір елді мекендерде су жеке үйлерге тақап келеді. Аудан әкімдігінің мәліметтерінше, жағалаулықтарды бекіту мен мұздарды бұзып, сең ағызу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Адамдарды құтқару жұмыстарына жергілікті атқару органдарының барлық құтқару, ТЖ қызметі, полция, жол кәсіпорындарының күштері тартылды. Бізге ТЖМ-нің Қостанай, Павлодар, Екібастұз бөлімшелері көмектесіп жатыр. Барлығы 2 мың адам мен 300 техника жұмылдырылған. Ауа райының тұрақсыздығынан жағдай сағат сайын өзгереді. Кеше облыста қайтадан бұрқасындатып, дауыл тұрып, іс жүзінде барлық жолдар жабылды. Күршім ауданына облыс орталығынан тікұшақпен гуманитарлық жүк – азық-түлік пен палаткалар жеткізілді. Облыс әкімдігінің шешімімен тасқын су қаупіне байланысты облыс орталығы мен бірқатар аудандарда Наурызға арналған мерекелік шаралар алынып тасталды», - деп хабарлады ТЖ облыстық департаментінен.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1797
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1794
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1508
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1404