Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2665 0 пікір 19 Наурыз, 2010 сағат 04:09

Қазақстан-ресейлік «Махааббат тәлкегі» фильмінің премьерасы Ресей, Украина, Беларусия мен Қазақстанда өтеді

Алматы. 18 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан-ресейлік «Махааббат тәлкегі» фильмінің премьерасы Ресей, Украина, Беларусия мен Қазақстанда өтеді, деп хабарлады Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.

«Махаббат тәлкегі» атты жаңа романтикалық комедия –  Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен ресейлік «Интерфест» компаниясының бірлескен жобасы.

«Бұл фильм – көптен күтілген қазақстандық-ресейлік жоба және ол алғаш рет мейлінше көп - 600 көшірмемен шығып отыр. Бұған дейін көшірме саны 50-ден аспайтын. Фильмнің премьерасы бірден төрт үлкен алаңда: Ресей, Украина, Беларусия мен Қазақстанда өтеді. Біздің киноматограф үшін бұл үлкен жетістік», - дейді «Қазақфильм» АҚ директоры Ермек Аманшаев.

Фильмге арнап шығарылған ақпараттық баспасөз парақшасында фильм өте сұлу, ақсүйектер тарланы және олигархтың қалыңдығы Әсел (Әсел Сағатова) деген  қыз туралы екендігі айтылады. «Ықпалды жарының арқасында Әселді қоғамның ақсүйектері қабылдайды, бірақ ол өзін дербес ретінде мойындағанын қалайды. Ол атақ-даңққа ең тез апаратын жол - тележүргізушісі болу деп шешеді. Және оның Женя (Ольга Орлова) деген құрбысы да қолтығына су бүркіп, бірақ жай емес, бір шарт қояды: Әсел кафеге келген бірінші ер азаматты өзіне ғашық етуі керек, деп шешеді. Ал бірінші кірген адам, қатардағы ботаник және өмірде жолы болмағыш Иван (Алексей Чадов) болып шығады. Ол үшін өмірдегі жалғыз әйел – ол оның анасы (Ирина Розанова) болады. Осы жерден бастап Әселдің оқиғаларға бай, тыныш өмірі төңкеріліп кетеді. Ол өте өжет жоспар ойлап, оның нәтижесі күтілмеген жағдайларға соқтырады», - дейді сюжеттік желісі туралы баспасөз қызметі.

«Махаббат тәлкегі» фильмінің түсірімдері Астана мен Мәскеуде өтті.

Фильмнің премьерасы Астанада 18-ші наурызда «Кинопарк 8», «Сарыарқа» ТО-да, Мәскеуде 22-ші наурызда «Октябрь» кинотеатрында, Қазанда 21-ші наурызда «Киномакс» кинотетрында, Киевте «Гемини» кинотетрында және Алматыда 20-ші наурызда «Кинопарк 6», «Спу тник» ТРЦ-да өтеді.

«Махаббат тәлкегі» фильмінің режиссері Александр Черняев (Ресей), Ержан Рүстембеков (Қазақстан) продюссерлері Ренат Давлетяров (Ресей), Ермек Аманшаев (Қазақстан), Александр Котелевский (Ресей). Фильм Данияра Күмісбаев, Ержан Рүстембеков, Владимир Забалуевтің сценарийі бойынша түсірілген. Картинаның операторы Дмитрий Мальцев, композиторы - Аркадий Укупник. Рольдерде:Алексей Чадов («Дневной Дозор», «Девятая рота», «Любовь в большом городе»), Әсел Сағатова («Рэкетир», «Меч Махамбета»), сондай-а Ирина Розанова, Ерік Жолжақсынов, Фархат Әбдраимов, Ольга Орлова, Наталья Рудова, Марина Черняева, Гоша Куценко, Артур Смолянинов және басқалар ойнады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1983
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2384
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1949
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1574