Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2337 0 пікір 9 Наурыз, 2010 сағат 06:57

«Өзенмұнайгаз»: 8 мың адам жұмысқа шығуды тоқтатты

«Азат»ЖСД партиясының Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Жәнібек Қожық редакциямызға 1-наурыздан (2010 ж) бастап «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының мұнайшылары басшыларына наразылық ретінде дүркін-дүркін жұмыстарын тоқтатып тұрғанын хабарлады.

Жәнібек Қожық мырза жеткізген дерекке сүйенсек, мұнайшылар еңбекақы жүйесін өзгертуге, яғни жалақыға қосымша берілетін 70 пайыз коэффициентті негізгі тарифке (окладқа) кіргіздіруге қарсылық танытып жатқан көрінеді. Мұнайшылардың есебінше, 70 пайыз коэффициент еңбекақыға енген  жағдайда, қолдарына алатын жалақы көлемі едәуір азайып кетеді екен.

«Мұнайшылардың екінші талабы - қазіргі «ӨМГ» ӨФ директоры Бағытқали Бисекенді, оның өндіріс жөніндегі 1-орынбасары Амантай Аңшыбаевты, «ӨМГ» ӨФ кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақсат Ибағаровты қарапайым жұмысшылардың мүддесіне кері іс-әрекеттер жасаумен айналысатындықтан жұмыстарынан босату болып табылады», -  деп хабарлайды Жәнібек Қожық.

Жәнібек Қожық мырзамен хабарласып бүгін, яғни 9-наурыз күні  8 мыңнан астам мұнайшының күні-түні кезектесіп жұмысты тоқтатып тұрғанын естідік. . Бұл шараға «ӨМГ» ӨФ-ның барлық құрылымдық бөлімшелері қатысып бастағанға ұқсайды.

Тәуелсіз бір дерек көзі редакциямызға Маңғыстаумұнайгаздың қытайларға құпия түрде  сатылып жатқанын біліп қойған жұмысшылар үлкен толқудың алдында тұр деген болатын.   Алайда, Қазмұнайгаздың жұртшылықпен байланыс жөніндегі өкілі Дәурен Жұмаділов бұл жайтты қауесет деп мәлімдеді. Өкілдің аузынан шыққан сөзге сенер болсақ, Маңғыстаумұнайгаз қытайларға сатылмайды да, басқаруға да берілмейді екен...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1996
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2414
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1969
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576