Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2545 0 пікір 5 Наурыз, 2010 сағат 04:36

Мемлекет тарапынан экологиялық тексерулер тиісті деңгейде жүргізілмейді – бас прокуратура

Астана. 4 наурыз. ҚазТАГ – Бас прокуратурадағылар, салалық ұйымдарды мемлекет тарапынан экологиялық жағынан тексерулер тиісті деңгейде жүргізілмейді деп атап өтуде. Бұл жайында бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков хабарлады.

«Бас прокуратура атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдылық жағдайына талдау жасады. Зерттеу жұмысы көрсеткеніндей, бұл саладағы мемлекеттік бақылау деңгейі заманауи талаптарға жауап бермейді. Бақылау бағдарламасының толық еместігі, бкеттер мен аккредитацияланған лабораториялардың жеткіліксіздігі атмосфералық ауаның ластану көрсеткішін сапалы талдау жасауға мүмкіндік бермейді», -деді ол бейсенбі күні өткен брифинг барысында.

Дәл осы уақытта, бас прокуратураның деректері бойынша, 2008 жылмен салыстырғанда өткен жылы анықталған экологиялық құқық бұзушылық саны 50% және осы саладағы қылмыстар саны 30% артты.

Мысалы, Өскеменде атмосфераға 170 атаулы зиянды заттар шығарылады. Олардың 20% 1-сыныпты қауіпке жатады. Ал арнайы бекеттерде тек 17 атаудағы ғана зиянды заттарға бақылау жасалады, деді бас прокуратураның өкілі.

Сонымен бірге, салық кодексінде қарастырылмаған және ластаушы заттардың тізіміне енбеген, ауаға тарайтын зиянды заттар мәселесі экономикалық реттеуді қажет етеді, деді ол.

Прокурорлық тексерулер қорытындысы бойынша үкімет атмосфералық ауаның жағдайын санитарлық-эпидемиологиялық жағынан бақылауды жақсартуға және үздіксіз бақылау жүйесін құруға бағытталған  бірқатар ұйымдастыру-құқықтық шараларын қабылдады. Аталған саладағы заңнаманы жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, 2010 жылы тоғыз бақылау бекетін пайдалануға беріп, «Қазгидромет» РМК-нің жеті химико-аналитикалық лабораториясын аккредитациялау жоспарланып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2067
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2496
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2105
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608