Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2684 0 пікір 4 Наурыз, 2010 сағат 11:49

Интернет-конференция: Тайжан Мұхтар Болатханұлы (жалғасы)

Сіз қазақ елі жастарының өкілінің бірісіз. Елдің қазіргі дамуына және болашағына қандай ой білдіресіз? Қазақты алда не күтіп тұр деп ойлайсыз?

Қазіргі Қазақстанның бет алған жолын мен аса құптамаймын. Табиғи байлығымыз халықтың пайдасына тимей жатыр. Халықтын пікірімен, ой-арманымен, талап-тілегімен ешкім санасар емес. Мысалы  «Қазақстан халықтарының бірлігі» туралы Доктрина  мен «Кеден одағы» деген Одақ халыққа «тосын сый» болды. Қазір емес бірақ болашақта жақсы өзгеріс болады деп сенемін.

Заманауи евроқойма деген қандай қойма? Ол қоймаларыңыз қайда тұр? Ол қоймаларда не бар? Сұрағым аңғалдау болуы мүмкін, бірақ білгім келеді. Бір бала.

Евроқойма деген - ол жылы, ендендері тегіс орнатылған, стеллаждар бар қойма. Бірінші евроқойманы бөлек сатып жібердім. Алматыда тұр, суреттері сайтымда бар www.taizhan.kz

Өз қатар-құрбы, замандастарыңның арасынан үлкен саясатқа дайын адам бар ма? Бар болса ол кім? Оның саясаткерге тән қандай қасиеттерін атап айтар едің? Ғұбайдолла.

Меніңше Айдос Сарым, Ерлан Қарин, Жанболат Мамай, Дәурен Қуат, Мұхит Асанбаев басқалар да үлкен саясатқа дайын адамдар. Мен өзім қазір бизнесте жүрген адамымын үлкен саясатқа дайын емеспін.

Шетелге кетіп қалған мол қаражат саясиланып жатыр. Бұл жайтты Қажыгелдин-Әлиев-Әблязов одағынан байқауға болады. Бұл үшеуі бірігіп елімізде түрлі-түсті төңкеріс жасауы мүмкін деген қауіп те бар. Егер сондай бола қалса, қазақ тағы да сорлап жүрмей ме? Сәлімбай.

Ол мәселе біздің өзімізге байланысты ғой. Уақыты болғанда көреміз.

Мұхтар Жәкішевті қазақтың уранына иелік етіп жүрген орыстар қасақана арандатып істі қылды. Бұл жайында Жәкішевтің өзі айтып отыр. Бұл не болып барады өзі? Біз симовлдық белгілері ғана бар қуыршақ мемлекетке айналып бара жатқан жоқпыз ба? Елмұрат.

Рас айтасыз. Сұмдық нәрсе. Ол сатқындық. Бұны біз ашық айтуымыз керек.

Қазақта еркек қалды деп отырсыңдар ма? Сайқымазақтар қалған! Таныстықпен, бармақ басты, көз қыстымен билік басына келіп, жер алып, үй салып, шетелдін машинасын мінгенге мәз! Қазақта есі дұрыс еркек болса 90 пайыз қазақ тілін білмейтін топас билік басында отыра ма? Қазақтын еркегі қалса Рахаттар, Әбіләздар, Ердендер қайдан шықты, жағымпаздар қайдан шықты!

Пікірінізбен келіспеймын. Қазақта ер азаматтар жетерлік. Әрине биік билікте отырғандардың арасында жағымпаздар көп. Бірақ барлық қазақты жаман деп айтуға болмайды. Әр халықта сатқындар болады.

(соңы)

0 пікір