Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2617 0 пікір 4 Наурыз, 2010 сағат 06:57

Қарағандыда сот медициналық зертхананың директорын басынан екі рет атып, өлтіріп кетті

Қарағанды. 4 наурыз. ҚазТАГ– Қарағандыда республикалық сот медициналық ғылыми-өндірістік сараптамалық зертхананың филиалының  директоры Мейрам Шәкіров өлтірілді, деп хабарлады бейсенбі күні облыстық прокуратурадан.

47 жасар М. Шәкіров бейсенбі күні таңертең зертхана ғимаратының маңында атып өлтірілді.

«Шәкіров жұмысқа қызмет автокөлігімен 8 сағат 50 минутта келіп, көлігінен шыққан сәтте оған азиялық ұлт өкілі келіп, амандасып, басынан екі рет атып кетті. Осыдан кейін белгісіз адам жасырынып үлгерді», - дейді прокуратурадан.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс ашылды. Оперативті шаралар жүргізіліп жатыр. Тергеуде әзірге ешқандай болжам жоқ.

М. Шәкіров бұл қызметке 2010 жылы қаңтарда тағайындалған. Оған дейін ол облыстық юстиция департамент бастығының орынбасары қызметін атқарған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1576
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1465
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1213
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1195