Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2880 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 06:03

Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі әрбір дәрігерге ай сайын екі әйелді құпия түрде ұрықсыздандыру туралы құпия бұйрық берді

Алматы. 2 наурыз. ҚазТАГ– Өзбекстан республикасының денсаулық сақтау министрлігі бала туа алатын әйелдерге ерікті түрде хирургиялық ұрықсыздандыруды (ЕХҰ) іске асыру тәртібін реттейтін №40 бұйрық шығарды, деп хабарлады «Ферғана.ру» ақпараттық агенттігі.

Агенттік мәліметтерінше, үкімет мұндай шараға бала тууының күрт өсіп отыруына байланысты, көп балалы аналарға жәрдемақы төлеуге бюджет қаражатының жетіспеушілігінен, балаларды емдеу мекемелерінде орынның жетіспеушілігінен, босанған әйелдер мен нәрестелер арасындағы өлім-жітімнің көптігінен барып отыр.

Сарапшылардың жұмыс тобының сарапшылары (ЖТС) анықтағандай, бала туу үдерісін реттеу тетігі ретінде мұндай «ерікті» түрдеі ұрықсыздандыру бүкіл Өзбекстан бойынша бұрындары да – 1999-2003 жылдары қолданылған. Бірақ, тәуелсіз басылымдарда бірқатар сын мақалалар жарияланған соң жаппай ұрықсыздандыру тәжірибесі уақытша тоқтатылды. Бірақ №40-шы бұйрық шыққан соң, ЕХҰ саласындағы жұмыс қайта жанданды. Енді Өзбекстанның әр өңірінен алынған мәліметтер бойынша ЕХҰ бала тууды реттеудің негізгі тетігі ретінде қолданылады.  

Қазіргі уақытта ел өңірлерінде бала көтерерлік жастағы әйелдер арасында ЕХҰ жүргізудің қытайлық тәжірибесін еске салатын «нормативтер» әзірленген.  Өзін таныстырғысы келмеген сарапшының айтуынша, бегіленген норматив бойынша, әйелдің денсаулығын бақылайтын әрбір учаскелік дәрігер, ай сайын екі әйелді ЕХҰ жүргізуге «көндіруі» тиіс, және «оны күйеуі мен қайын енесі білмейтіндей етіп жүргізуі тиіс, себебі олар мұндай процедураға мейлінше қарсы шығуы мүмкін».

Міндетті орындамаған жағдайда дәрігерде үлкен проблема туындап, сөгіс пен айыппұл салынуы мүмкін.

Мамандардың пікірінше ЕХҰ отбасындағы бала тууды тежеудің ең тиімді тәсілі, себебі ол жүкті болудан сақталудың ең тиімді және қайтарымсыз әдісі болып табылады.

Дәрігерлер ЕХҰ хирургиялық контрацепцияның қауіпсіз тәсілі дейді. Дамыған деген елдердегі мәліметтер бойынша мұндай операциядан 100 мың әлеутті ананың арасында 10 өлім-жітім оқиғасы  тіркеледі екен.

Тәуелсіз сарапшылар әкімшілік қысыммен жұмыс істеп жатқан өзбек дәрігерлері пациенттерді әдейі шатастырады деп есептейді. Көптеген жағдайда әйелдердің қайта қалпына келмейтін операцияға келісім беруі, олардың мұның не екендігі туралы толық білмейтіндігіне негізделеді. Ал бұл, ЖТС пікірінше, заңға қайшы келеді.

0 пікір

Үздік материалдар