Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3083 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 06:03

Медеу мұз айдынында көпшіліктің сырғанау маусымы 14-ші наурызда аяқталады

Алматы. 2 наурыз. ҚазТАГ– Жаңа тоңазыту жабдықтарды орналастыруға байланысты Медеу мұз айдынында сырғанау мерзімі 14-ші наурызда аяқталады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің құрылыс басқармасының бастығы Мұрат Күнев.

«Біз жаңа тоңазыту жабдықтарын құрастыру үшін мұз айдынының жұмысын 14-ші наурызда тоқтатамыз. Сонымен қатар электр жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіледі», - деді М. Күнев сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, барлық жабдықтарды орнату жұмыстары 15-ші сәуірге аяқталуы тиіс. Мұз айдыны плюс температурада сынақтан өтеді. «Бізге Азияда 2011-де әр түрлі жарыстарды ұйымдастыру үшін сапалы мұз керек», - дейді М. Күнев.

Өз кезегінде «Медеу» спорт кешенінің бастығы Сабыржан Бектемісов, көктемгі-жазғы уақыттары мұз айдынының орнында республикадағы алғашқы таудағы көңіл көтеру отбасылық бақ ашылатынын, онда заманауи техникалық жабдықталған сахналық алаңдары болатынын айтты. Бақтың ашылуы 15-ші мамырға жоспарланған.

Спорттық кешен жетекшісі бақтың маусым мезгіліне қарай әр түрлі жабдықталып отыратынын атап өтті. Медеу территориясында баскетбол, шағын футбол, волейбол, жаттығу залдары мен скейтпарк болатынын жеткізді. 

Мұнда спорттық базадан басқа SPA-бассейні бар сауықтыру дәрігерлік орталығы болады.

Жастар үшін таудағы бақ апта сайынғы кештер бағдарламасы мен ТМД-дағы ең үлкен LED-дисплейі бар киносеанс бағдарламаларын ұсынады. Одан басқа футболдан 2010 жылғы әлем чемпионатын тікелей көрсетулерін жүргізу арқылы жанкүйерлер клубын ашу да жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар