Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2886 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 05:33

Ғаділбек Әкім. Чемоданды көңіл-күйдегі бизнес

Әлемдегі бай-бақуаттылармен оларға тиесілі байлықтың тізімін ай, жыл сайын санап, тізімдеп, әр-түрлі тілде жер жаһанға тарататын әлемдік деңгейдегі беделді Forbes жорналында қызықты мақалалар мен материалдар көптеп жарияланып тұрады. Осы жорналдың өткен жылдың қараша айындағы шыққан кезекті санында, қазіргі кездегі Ресейдегі орта кәсіпкерлердің жағдайына байланысты «Көтерілісші сәудегерлер» («Революционное купечество») атты өзекті мақала жарияланыпты. Әлгі мақалада мәскеулік бір топ кәсіпкерлер мен бизнесмендер бас қосып, қоғамда тек адам ретінде өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның мүшесі бола отыра, тәуелсіз, ерікті адам ретінде өмір сүру туралы тақырыпқа ой қозғап, осы мәселені өзара талқыға салады. Бұл былай алып қарағанда, бизнесмендер, кәсіпкерлер қозғайтын тақырып емес сияқты, кәсіпкерлер бүгінгі бес теңгені немесе бес долларды ертең қалай он теңге қыламын, пайданы қалай табамын, шығынды қалай азайтамын деген сауалдармен жүретіні белгілі. Оның үстіне, қазіргі дағдарыс кезеңінде аталған мәселелер тіпті ушыға түскені ешкімге құпия емес. Ал, бұндай нақты мәселелермен айналысып жүрген адамдар үшін, қоғамның либералдылығы, қоғамда тәуелсіз, өз пікірімен ойын еркін айта алатын ерікті адам болып қалу секілді абстарактылы мәселелерді қозғау, талқылау шынымен де қызық нәрсе.

Әлемдегі бай-бақуаттылармен оларға тиесілі байлықтың тізімін ай, жыл сайын санап, тізімдеп, әр-түрлі тілде жер жаһанға тарататын әлемдік деңгейдегі беделді Forbes жорналында қызықты мақалалар мен материалдар көптеп жарияланып тұрады. Осы жорналдың өткен жылдың қараша айындағы шыққан кезекті санында, қазіргі кездегі Ресейдегі орта кәсіпкерлердің жағдайына байланысты «Көтерілісші сәудегерлер» («Революционное купечество») атты өзекті мақала жарияланыпты. Әлгі мақалада мәскеулік бір топ кәсіпкерлер мен бизнесмендер бас қосып, қоғамда тек адам ретінде өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның мүшесі бола отыра, тәуелсіз, ерікті адам ретінде өмір сүру туралы тақырыпқа ой қозғап, осы мәселені өзара талқыға салады. Бұл былай алып қарағанда, бизнесмендер, кәсіпкерлер қозғайтын тақырып емес сияқты, кәсіпкерлер бүгінгі бес теңгені немесе бес долларды ертең қалай он теңге қыламын, пайданы қалай табамын, шығынды қалай азайтамын деген сауалдармен жүретіні белгілі. Оның үстіне, қазіргі дағдарыс кезеңінде аталған мәселелер тіпті ушыға түскені ешкімге құпия емес. Ал, бұндай нақты мәселелермен айналысып жүрген адамдар үшін, қоғамның либералдылығы, қоғамда тәуелсіз, өз пікірімен ойын еркін айта алатын ерікті адам болып қалу секілді абстарактылы мәселелерді қозғау, талқылау шынымен де қызық нәрсе. Жаңағы жиналысқа қатысқан кәсіпкерлер жиынға жұмыстың қызған уақыты, яғни күндізгі уақытта жиналған және жиналғандардың көпшілігі Мәскеудегі үлкен компаниялардың, сауда желілерінің басшылары, топ-менеджерлері, иегерлері екен, жалпы қатысушылардың саны жиырма адамның үстінде болыпты. Кездесуге ешқандай қоғам, БАҚ өкілдері шақырылмаған, бұл бір жағынан кездесуге келген қатысушылардың өздерін еркін, әрі ыңғайлы сезінуі үшін жасалған секілді. Кездесудегі пікір алмасу ережесі Лондон корольдік халықаралық қатынастар институты енгізген Чатэм-Хаус ережесіне сай жүргізілгенге ұқсайды. Forbes журналында осы кездесу жөнінде материал жазған Яна Яковлева ханымның сөзінше, кездесуге қатысып, сөз сөйлеп, пікір айтуға шақырылған Дмитрий атты бір кәсіпкердің тілі, сөз байламы түгелімен жаргон болып шығыпты, Дмитрийдің сөйлеген сөзінің негізгі мағынасы, Ресейдегі бизнес - бұл әр-түрлі жемқорлармен пара алушылардың арасындағы байланыс пен балансты таба біліп сонымен қатар басқа «аңқауларды» «лақтырып» пайда табу, бастысы кімге, қай уақытта пара беру керек екенін білу және сол балансты бұзбай сақтап отыру екен. Дмитрий атты кәсіпкердің Ресейде ғана емес, сонымен бірге, Чехияда да бизнесі бар, оның сөзінше Чехияда бизнес жүргізу ережесі айқын әрі түсінікті. Ол Чехия елінде бизнесін дамыту үшін 3-4% несие ала алады және ол несиені алғаны үшін ешкімге ешқандай пара беруге міндетті емес. Дмитрий Ресейде, Чехияда бизнесін дамыта отырып, қосымша Лондонға да жол салып алыпты, оның сөзінше, егер оның басына қысылтаяң уақыт туа қалса, кез-келген уақытта сол елге қашып кете аламын дейді. Аталған басылымда жазылғандай, Ресейде Дмитрийдің фирмасынан ай сайын қылмыстық іс ашылып отырады екен, алайда, ол әр-түрлі мемлекеттік қызметтік органдар арасындағы қарама-қайшылықтармен «мини» соғыстарды жалғастыра отырып, кімге қанша пара беруді білу арқылы, солардың арқасында қылмыстық істерін жапқызып отырады екен, былайша айтқанда бизнесті осындай жолмен жүргізуге Дмитрийдің еті үйреніп алыпты. Дмитрий кәсібін осындай жолдар арқылы дамытып отырғанын айта келіп, оның Ресейдегі бизнесінің дамуының басты себепкері осы елдегі жемқорлық, деп мәлімдепті-мыс. Әрине, өркениетті, заңдары сағат механизмі сияқты жұмыс жасайтын елдерде бизнес дамуының негізгі кепілі жемқорлық дегенді естісе, олар үшін бұл жағдай жабайы болып көрінетіні, естілетіні анық. Жиналған кәсіперлердің Дмитрийдің сөзінен кейінгі жалпы көңіл-күйі, олар қиын жағдай бола қалса, өздерінің және балаларының болашақтарын Ресеймен байланыстырмайды, кез-келген уақытта басқа елге көшіп кетуге дайын, олар тіпті ол үшін плацдармды да дайындап қойыпты. Дмитрийден кейін сөз алған басқа бизнесмендер орыс ұлтының менталитетінде басқалармен салыстырғанда болашағын жоспарлау қасиеті жоқ екенін айта келіп, ертеңгі күні барлық жағдайдың болуы мүмкін екендігіне тоқайласыпты. Ал, жаңағы сөйлеген бизнесменнен кейін сөз алған журналдағы мақала авторы, ол да кәсіпкер, жемқорлық дамуының да шегі бар, өмір бойы пара беріп өмір сүруге, бұндай ойын ережесіне төзе беруге  болмайтынын айта келіп, жалпы айтылған сөздердің негізгі квинтэссенциясы ретінде кәсіпкерлер, бизнесмендер жемқорлық ісігін одан әрі дамытуға ат салыспауы керек, кәсіпкерлер қоғам, мемлекет дамуында үлкен үлесі бар санат ретінде мемлекеттік шешімдерге әсер етуге, ықпал жасауға тырысуы керек депті. Бастысы кәсіпкерлер класс ретінде саясатқа белсенді араласуы керек, себебі саясат арқылы ғана бизнеске қатысты шешімдерге, заңдарды қабылдауға әсер, ықпал етуге болады дегенге саяды. Кәсіпкерлер, әсіресе орта деңгейлі бизнесмендер,  әр-түрлі құзырлы органдарға статистика санын көбейту үшін өздерін жәйден-жәй түрмеге отырғызуға, пара бопсалау үшін қылмыстық іс қозғатып, кейіннен түрмеге жапқызуға бейжай қарап отырмауы тиіс деп өздерінің өзекті ойларын ортаға салыпты жиында. Алайда, жиында отырған басқа кәсіпкерлер бұндай жалынды сөздерді жайбарақат қабылдап, тыңдай келе, бизнестің саясатқа араласуының еш қажеті жоқ, ол тек уақытты текке өткізу, ал уақыт дегеніміз ол қып-қызыл ақша деген көрінеді. Ресейде бизнесті пара беріп те  жүргізе беруге болады, ал егер, қиындық бола қалса, кез-келген уақытта басқа мемлекетке кетіп қаламыз дегендердің қарсы жиында басым болғанға ұқсайды. Ресейлік аутсорсингтік компаниясының иесі, Виктор атты бір кәсіпкер өзінің еш кінәсіз, еш айыпсыз бір жыл жарым темір торда отырып келгенін айтып, назын тарқатыпты, сонымен қатар,  жиналғандардың ішінде ең аз дегенде бес кәсіпкер отырып шығыпты, олар да өздерінің айыпсыз, еш кінәсіз отырғандарын жеткізіп, бұндай ауыр жәйттер олар үшін  үлкен өмір мектебі болғанын да айтып қалған екен. Жалпы айтқанда жиналған кәсіпкерлер, жиынды қорытындылай келе, қандай да болмасын қиындықтар бола қалса, бөтен елге қашып, жеңіл жолды іздегенше, әділетсіздікке қарсы бірігіп күресуге, керек болса, Президентке, үкімет басшысына хат жазып, пикеттер, митингілер өткізуге дейін барайық, бастысы ортақ мәселені бірігіп шешуге ұйымдасайық, біреуіміздің басымызға төнген проблема, ертең басқа кәсіпкердің де басына түсу мүмкіндігі зор, сол себепті не болса да, бірігіп қимылдайық деген шешімге келіпті. Мақала авторы   бизнесмендердің бірігіп қимылдауға бет бұра білгенінің өзі үлкен жетістік дей отырып, мақаласын тәмамдайды.

Қазақстанның қай саласындағы жағдай болмасын Ресейдегі жағдайға ұқсайтыны белгілі. Ал бизнес жүргізу ережелері тіл, шекара талғамайтыны анық. Біздің елде де, «чемоданды көңіл-күйдегі» кәсіпкерлер жетіп артылады десе артық айтқанымыз емес. Жағдайдың олай қалыптасуына себеп көп. Біздің елімізде солтүстік көршіміздегі секілді заңның жұмыс жасауы, заңды-нормативтік актілердің орындалуы көңіл көншітетін деңгейде емес. Сонымен қатар, биліктегілер елдегі жемқорлыққа  қаншалық деңгейдегі үлкен соғыс ашса да, Қазақстандағы жемқорлық деңгейі әзірге төмендемей отыр. Бізде де, Ресейдегі секілді жемқорлық пен парақорлық жүйесінің арқасында істерін дөңгелетіп, соған үйреніп алған бизнесмендер жеткілікті. Әр-түрлі құрылымдарға пара беріп, жолын тауып жүрген кейбір таза емес кәсіпкерлердің саны біздің елде де жығылып артылады. Алайда, өмір бойы пара беріп жұмыс жасап, ісіңді өркендету мүмкін емес, әсіресе қазіргідей дағдарыс кезеңінде бұлай жұмыс жасау кім-кімге де өте қиын соғатыны белгілі. Жағдайдың осындай жолмен дамуы -  іскер адамдарды қалжыратып, кейіннен олар бизнесін басқа, заңдары жұмыс жасайтын, ойын ережесі айқын елге көшіhіп әкетуіне апарып соқтырады.  Дегенмен де, біздің елде ортаңқол кәсіпкерлердің бизнесін шетелге көшіріп немесе толығымен басқа елге көшіп кетуге көбінің жағдайлары мен мүмкіндіктері жоқ, сол себепті олар кейбір қолайсыз жағдайларға одан әрі шыдап, жұмыс жасауларына тура келеді. Қазақстанда алыс шетелге көшіп кететіндер немесе бизнесін көшіріп алып кететіндер, негізінен үлкен деңгейдегі бизнесмендер.

Елімізде «чемоданды көңіл-күйдегі» кәсіпкерлер көп болған сайын мемлекетіміз зор шығынға ұшырайды. Бұның ақыры мемлекеттің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне, мемлекеттің бизнес саласындағы кадрлар мен менеджерлерін жоғалтуына, ертеңге деген сенімнің азаюына алып келеді. Мақаланың басында айтылып кеткендей, қалыптасқан мәселені шешудің бір жолы, ол - бірігу, қолдан келетін және заңда рұқсат етілген барлық шаралар мен механизмдерді қолдану арқылы жұмыс жасау. Саралап қарайтын болсақ, ТМД көлемінде, әсіресе Ресей мен Қазақстандағы кәсіпкерлер, оның ішінде орта және шағын бизнес өкілдері қоғамдағы болып жатырған істерге және саясатқа араласудан қорқады. Негізі олай болмауы тиіс, әрине елімізде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғайтын, солардың мәселелерімен айналысатын кәсіби ұйымдар мен одақтар бар, олар туралы әңгіме басқа.

Қорытындылай келгенде, Қазақстандағы кәсіпкерлер өздерінің құқықтарын толығымен қорғай алмай келе жатыр, әлі де болса ортақ проблемаға байланысты біріге алмай жүр, олардың арасында бытыраңқылық пен конформисттік, көнбістік икем басым болып тұр. Әрине, бастарына қиындық туа қалса, елдегі барлық кәсіпкерлер түгелімен Тұманды альбионға кетіп қалады деп айтуға болмайды, алайда мемлекет те, мемлекетпен қатар кәсіпкерлер де бірігіп, мейлі ол үлкен, орта немесе шағын бизнес болсын қалыптасқан мәселелерді тізе қоса отырып талқылауға, шешуге тырысулары керек, ең негізгісі, отанымыздың іскер ортасында Ресейдегі Дмитрий сияқты «чемоданды көңіл-күйдегі» кәсіпкерлердің түбегейлі түрде болмауын қамтамасыз етудің амалдарын іздеу.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 78
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 33