Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3091 0 пікір 3 Наурыз, 2010 сағат 05:21

Қазақ деп қасық қаны қалғанша қырқысқан Кенесары Қасымұлының алып жүрегі дамылдаған жыл

1847 жыл... Қазақ деп қасық қаны қалғанша қырқысқан Кенесары Қасымұлының алып жүрегі дамылдаған жыл. Ханның сүйегі қырғыз-қазақ шекарасында қалғанымен, бас сүйегі бүгінде Ленинградтағы Эрмитаждың көп экспонаттарының бірі ғана болып тұр. Осы жайт арқасына аяздай батқан зиялы қауым өкілдері «Кенесары ханды қайтарамыз» қозғалысын құрды. Аталмыш қозғалыстың құрамына Ғазиз Алдамжаров, Дос Көшім, Геннадий Беляков, Нұрлан Әміреқұлов сынды ұлтшыл азаматтар кіріп отыр. Кенесары ханның бас сүйегін кері қайтару арқылы ұлттық рухымызды асқақтату - міне, мақсат! Ендігі жерде қозғалыс жетекшілері бірнеше миллион қол жинап, Ресей басшылығына хат жолдамақ. Мұндай талпыныстардың бұрын да болғаны белгілі. Мысалға, 2009 жылдың 27 ақпанында елу шақты адамның қолын жиған үндеумен ел зиялылары Елбасына шыққан болатын. Нәтиже жоқ. 1994-1995 жылдары Манаш Қозыбаев ағамыздың  да тауы шағылған болатын. Қазіргі қозғалыстан не қайран болар екен?

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1391
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1218
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 972
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1053