Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2834 0 пікір 2 Наурыз, 2010 сағат 05:56

Интернет-конференция: Тайжан Мұхтар Болатханұлы

Ғұмырын қазақ елінің ұлттық мүдесі мен мақсат мұраттарына арнап, соңына өнегелі өмір жолын қалдырған, үлкен парасат иесі Болатхан Тайжанның тұяғы - Мұхтар мырза abai.kz ақпараттық порталының дәстүрлі интернет-конференциясының «мінберінде».

Тайжан Мұхтар Болатханұлы (суретте) 1973 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.1990 жылы қаладағы  23-ші жалпы білім беретін мектепті бітірді. 1991-1997 жылдары  Варшава  университетінде оқып, аталған оқу орнынын «өте жақсы» деген нәтижемен тәмамдап Халықаралық экономикалық және саяси қарым-қатынастар Магистрі дипломын алып шықты.

1997-2001 жылдары Астана қаласында мемлекеттік қызметте еңбек етті:
- ҚР стратегиялық жоспарлау және  реформалар  бойынша Агенттігінде қызмет атқарған ол 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Стратегиялық даму жоспарын жасаған топтың құрамында болды.
- ҚР Президенті  Әкімшілігінде, ҚР Қауіпсіздік  Кеңесінде қызметтер атқарды.

- 2001-2003 жж. - «Қазақстан Темір Жолы» АҚ, «Ордабасы» Корпорациясы» АҚ  жұмыс істеді.

2004 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікке бет бұрды:
- 2004-2005 жылдары  Мұхтар Тайжан ұйымдастырған өндіріс орыны пеноблоктар шығарды.  Нәтижесінде -  Талдықорған  қаласындағы «Қаратал» ықшамауданында 12-қабатты төрт  ғимарат  тұрғызылды.

- 2006 жылы заманауи евроқойма салып бастап оны 2008 жылдың қаңтар айына дейін аяқтады. Қойма сол 2008 жылы қаңтар айында сатылып, несеие толығымен өтеліп, таза пайдаға шықты.

- Қазір «Taizhan Terminal»  жобасымен айналысуда.

- 2007 жылы  «Жаһандану  жағдайындағы  қазақстандық-польшалық  экономикалық ынтымақтастықтың даму  келешегі» тақырыбында  кандидаттық диссертация қорғады. «Дүние жүзілік шаруашылық  және  халықаралық экономикалық қарым-қатынастар» бойынша кәнігі маман. Ғылыми, ғылыми-көпшілік журналдарда және баспасөздерде, соның ішінде шетелдік басылым бетерінде 17 еңбегі жарияланған.  Екі ғылыми  кітапшасы жарық көрді,   үш халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан.

Үйленген, екі баласы бар.

Мұхтар Болатханұлына қоятын сауалдарыңызды әдеттегідей форумға немесе abai-akparat@mail.ru; dauren-kuat@mail.ru электронды пошталарына жолдай беріңіздер.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1274
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1164
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 903
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032