Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2821 0 пікір 2 Наурыз, 2010 сағат 05:43

Қызылорда полициясы парақор жол полицейлеріне қатысты қылмыстық іс қозғады

Қызылорда. 1 наурыз. ҚазТАГ– Облыстық ІІД пара алу кезінде қолға түскен екі жол полициясына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады полиция департаментінен.

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенованың айтуынша, жол полициясы басқармасының (ЖПБ) екі қызметкері бір жүргізушіден жол жүру ережесін бұздың деген желеумен 3 мың теңге пара алу кезінде қолға түсті.

«Жол полициясы басқармасының инспекторлары - старшина мен сержанты Шымкент-Самара тас жолының 628 және 1622 шақырым аралығындағы учаскеде Ақтөбеге бара жатқан Skania автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында полицейлер оған «уақытша жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткендігінен» деп автокөлікті айып тұрағына қоюға мәжбүр екенін айтқан», - дейді Г. Дүйсенова.

Жүргізуші куәлігінде «Ақтөбе қаласына жеткенше» деген белгінің барлығына қарамастан, жол инспекторлары оны ары қарай жүргізбей, әкімшілік санкциялармен қорқытқан.

Инспекторлар қызмет көлігінің ішінде жүргізушіні 3 мың теңге параға көндірген соң ғана ымыраға келген.

Ақшаны беру барысында екі полицей де ІІД ішкі қауіпсіздік қызметімен қолға түскен, дейді департаменттегілер.

Ұсталғандардан алынған банкноттар қазір ҚР ҚК 311 бабы, 4-ші бөлініде қарастырған – «алдын ала келісім бойынша пара алу» бабымен қозғалған қылмыстық істегі заттай айғақ ретінде қылмыстық іс құжаттарына тіркелген, дейді ІІД қызметкерлері.

Полициядағылар бұл бап бойынша 7-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылғанын айтады.

0 пікір