Жексенбі, 28 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3149 0 пікір 2 Наурыз, 2010 сағат 05:04

ҚОС МҰРТТЫ, ОТЫРЫСТЫ ҚҰРТТЫ

«Жақында жайлы орнынан кетеді екен» деген сыбыс мазалап жүр ме кім білсін, Үкіметтің кешегі жайма-шуақ отырысына Премьер-министр Кәрім Мәсімов тым көңілсіз кірді. Бір қызығы мұртты мырзаның аман-саулығынан кейін отырыс бастан-аяқ қазақ тілінде жалғасып кеткен. Алайда отырыс аяқталуға аз қалғанда «қос мұрттың» яғни, Ванкуверден оралған Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов пен Премьердің «премьерасы» отырыстың ауанын ресми тілге түсіріп жіберді.

«Жақында жайлы орнынан кетеді екен» деген сыбыс мазалап жүр ме кім білсін, Үкіметтің кешегі жайма-шуақ отырысына Премьер-министр Кәрім Мәсімов тым көңілсіз кірді. Бір қызығы мұртты мырзаның аман-саулығынан кейін отырыс бастан-аяқ қазақ тілінде жалғасып кеткен. Алайда отырыс аяқталуға аз қалғанда «қос мұрттың» яғни, Ванкуверден оралған Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов пен Премьердің «премьерасы» отырыстың ауанын ресми тілге түсіріп жіберді.

2010 жылға арналған республикалық бюджеттің нақтыланған заң жобасын қолтықтап келген Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов бір ауыз орысша сөз қоспастан бастан-аяқ мемлекеттік тілде баяндама жасады. Оның айтуынша, 2010 жылы Қазақстан экономикасының өсуі 2 пайыз деңгейінде болады екен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі де жаман болмайтын сияқты. «Осы жылы болжам бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,3 пайызға өседі деп жоспарланып отыр. Мұнай өңдеу көлемі бұрын жоспарланғандай 80 млн тоннадан кем болмайды», - деген Бақыт Тұрлыханұлы жылдық инфляция деңгейі 6-8 пайыз төңірегінде тұрақтайтынын айтты. Бұл шек бұрынғы болжанған көрсеткіштермен салыстырғанда 1,5 пайызға аз екенін айта кеткен жөн. Министрдің мәлімдеуінше, бұған әлемдік тауар нарығындағы оң баға серпіні мен мұнай бағасының (бір баррелі) 50 доллардан 65 АҚШ долларына дейін көтерілуі себеп болған-мыс. Министр сөз соңында ел ішінде экономикалық маңызы жоғары жеті бағытты қаржыландыруға 295,5 млрд теңге бөлінгенін сүйіншілеп жатты.

Бас аяғы жеті минутқа созылған баяндамадан кейін министр ұсынған республикалық бюджеттің нақтыланған заң жобасы қабылданып тынды. Қабағы түсіңкі Премьер-министр қолдаған соң жан бар ма, Үкімет мүшелері бірауыздан мақұлдап дауыстарын беріп жіберді. «Заң жобасы қабылданды, енді оны «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қарауына беріп, содан кейін Парламентке енгізуді тапсырамын», - деді Кәрім Мәсімов.

Айтпақшы, Үкімет мүшелеріне жақында Мәскеуде өткен Кеден одағы комиссиясының кезекті отырысының нәтижесін баяндап беруге сөз алған  Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев те Сұлтановтың «соқпағын» жалғастырып әкетті. Мемлекеттік тілдің меселін жыққысы келмеген болар Шөкеев Мәскеуден ойға түйгендерін қазақ тілінде баяндап берді. Оның айтуынша, Кеден одағы аясында баж салығынан Қазақстан бюджеті ешқандай ұтылмайды. «Аталған отырыста баж салығын бөлу мәселесі ерекше қаралды. Біздің үлесіміз осы бір салық табысынан түскен пайданың 7,36 пайызын құрайтын болады. Яғни, былтырғы жылмен салыстырғанда екі есе көп баж салығы түседі деген сөз. Сондықтан бюджет ешқандай ұтылысқа ұшырамайды», - деді ол.

Таза мемлекеттік тілде өтіп жатқан отырысты Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов бұзды. Содан кейін-ақ, отырыс ресми тілге ауып кете барды. «Біз осы жолғы байрақты бәсекеден күміс медальмен оралдық. Бұл араға 12 жыл салып барып  қол жеткізген жетістік», - деп орысша бұрқырата бастаған Темірхан Досмұхамбетов көп ұзамай тосылып қалды.  Оны қорқытқан Ванкувердегі Азиялық ойыншылардың екпіні болып шықты. «Ванкувердегі олимпиада ойындары Азиядағы спорттың шын мәнінде күшейгенін көрсетіп отыр. Азия құрлығының өзге мемлекетінен келген спортшылар Азулы АҚШ, Ресей, Корея, Қытай спортшыларының алдын орап кетіп отырды. Алдағы қысқы Азия ойындарында біздер үшін олармен бәсекелесу қиынға түседі. Дейтұрғанмен біз жүлделі орындар үшін таласатын боламыз», - деді Темірхан Досмұхамбетов

Нұратайдың баласы

 

0 пікір