Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3201 0 пікір 1 Наурыз, 2010 сағат 05:15

Ванкувердегі Олимпиадада қазақстандық биатлоншылар эстафетада он сегізінші орын алды

Алматы. 27 ақпан. ҚазТАГ – Ванкувердегі Олимпиадалық ойындарда  қазақстандық биатлоншылар 4х7,5 км эстафетада он сегізінші орын алды.

Құрамында Александр Червяков, Ян Савицкий, Диас Кенешов пен Александр Трифонов бар Қазақстан құрамасы он бесінші позициядан жарысқа кірісіп, төрт атыс шебінде төрт рет мүлт жіберіп, мәре сызығын он сегізінші болып кесті. Олардың көрсеткен уақыты 1 сағат 30 минут 31,1 секунд болып, жеңімпаздардан +8 минут 53 секунд қалып қойды.

Эстафеталық жарыста «алтынды» Норвегияның командасы алса, күміс – Австрия, қола – ресей командаларына тиесілі болды.

Жарыстың он үшінші күні Олимпиадада медаль бойынша алда Канада (10 алтын, 7 күміс, 4 қола). Екінші орында Германия (9 алтын, 11 күміс, 7 қола), үшінші орында АҚШ құрамасы  (8 алтын, 13 күміс, 13 қола).  Қазақстан жалғыз күміс медальмен жиырма бесінші орында келеді.

0 пікір