Жұма, 10 Сәуір 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 802. Жазылғандар — 60. Қайтыс болғандар — 9
Жаңалықтар 1461 0 пікір 25 Ақпан, 2010 сағат 05:39

Есеміз де, көшеміз де кетіп барады

Қасарысқан қарсылық. Қазаққа деген. Қазақтың қыңқ еткен үні шықса тарпа бас салып тұншықтыруға дайын. Баспасөзі бар, басқасы бар... Бұл не деген өзгермейтін тоң мойын жұрт? Осылай демеске шарамыз қалмай отыр. Мына бір сауланама сымақтың сықпытына қараңыздар:

Қоғамдық пікір клубы (ОДК сайты) петропавлдықтар арасында қала көшелерінің атауын өзгертуге қатысты сауалнама өткізген екен, егер рас болса сауалнамаға. Д 471 адам тартылыпты. Оның 4,8 пайызына «бәрібір», яғни көшенің атын өзгерте ме, жоқ па оларға келіп кетері аз екен. Бірақ, өздері де сондай аз екен (4,8%). Сауланамаға қатысқандардың 23 пайызы сақсынып  жауап беруден бас тартыпты. Респонденттердің 15,4 пайызы «өзгерту керек» деген пікірде, ал 79,6 пайызы бұған үзілді-кесілді қарсы болыпты.

Бұған дейін Петропавл қаласындағы алты көшенің атауы ғана өзгеріпті.

Порталдың жазуынша, бұл клубтың негізгі міндеті - «қоғамдық бірлестіктер мен Солтүстік Қазақстан облысы атқарушы билік органдары арасында өзара байланыс, яғни диалог орнату» көрінеді.  Және ол «қоғамдық кеңеске облыстың әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қатысты ұсыныстар енгізеді, осы мәселелерге байланысты қоғамдық пікір қалыптастырады, тұрғындарға, қоғамдық бірлестіктерге облыстың түрлі салаларынының дамуы жөнінде ақпараттар беріп, проблемаларды шешуге көмектеседі» екен.

... Сонымен сауалнамаға қатысқандардың көпшілігі (79,6%) атауын өткен ғасырдың он жылынан әріде алған көшелердің жаңаруына, түсініктірек айтсақ, қазақылануына қарсы. Ескінің қолқасынан - кеңестік ностальгиядан арыла, айрыла алмай жүргендер «қолқасына қол салғандай» ыршитын секілді. Ертеңгі күні әлгі сексен пайыздың «жан дауысын» СҚО атқарушы билігі құп десе, қала көшелері баяғы Павелдер мен Петролардікі боп қала беруі мүмкін-ау. Сондықтан, бұл жерде қалалық мәслихаттың ереуіл сөзі қажет-ақ.

Әйтпесе, есемізді ғана емес, көшемізді де ала алмай жүрерміз... Анығы қазір есеміз де көшемізді де ала алмай жүрміз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір