Сәрсенбі, 21 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 109623. Жазылғандар — 105145. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 1706 0 пікір 23 Ақпан, 2010 сағат 06:36

Үкімет елдің 2014 жылға дейін қарқынды индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады

Астана. 23 ақпан. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Үкімет сейсенбі күні болған отырысында 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын мақұлдады.

Бұл құжат Қазақстанды 2020 жылға дейін дамыту стратегиясының бірінші бесжылдық индустриялық жоспары болып табылады.

«Бағдарлама барынша жан-жақты жасалған, талқыланған деп ойлаймын. Енді оны тек әдемілеп жазып қана қоймай, жүзеге де асыру керек», -деді премьер-министр Кәрім Мәсімов.

Бағдарламаны жүзеге асырудың түйінді көрсеткіштері ретінде мыналар анықталған: ІЖӨ-ні 2008 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2014 жылға қарай 50% өсіру; өңдеуші секторда еңбек өнімділігін 50% арттыру; шикізаттық емес сектордың үлесін 40% арттыру; ІЖӨ-нің энергия жұмсауын 2008 жылмен салыстырғанда 10% дейін төмендету.

Бұдан бөлек, индустрия және сауда министрі Әсет Исекешовтың атап өткеніндей, инновациялық кәсіпорындар үлесін қазіргі жұмыс істеп тұрғандармен салыстырғанда 10% көбейту.

0 пікір