Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2795 0 пікір 20 Ақпан, 2010 сағат 07:58

Алаштың тағы бір жоқшысы бақиға озды

Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің сыңсыған қара орманы тағы бір бәйтерегінен қапияда көз жазып қалды. Ғайыпқа қарай қолдан ұшқан құстай болып, аяулы Алашын аңыратып Рымғали Нұрғали дүниеден озды. Инемен құдық қазғандай ғылымның бейнетімен келіп, көзі тірісінде зейнетін көрген білгір әдебиеттанушы, ғалым, жазушы Рымғали Нұрғалидің атақ-даңқы алпыс атанға жүк болардай.

Рымғали Нұрғали Алаштың азаттығы үшін арыстандай арпалысқан Алаштың жұлдызды шоғыры Әлихан, Ахмет, Жүсіпбек, Бейімбет, Мағжан, Ілияс, Сәкендердің шығармаларын індете зерттеп, соны кезеңге шығарды. Рымғали Нұрғали «Алаштану» ғылыми пәнінің тұма көздерінің біріне айналған аялулы жан.

Рымғали Нұрғали алтын жүлгелі Алаш әдебиетінің көркем сынына, қазақ театрының дамуына ерен еңбек етіп қана қойған жоқ оның жаңа бітімін жасаған әдеби тұлға.

Бақұл бол Алаштың аяулы Рымғалиы! Бекем бол Алаш!

0 пікір