Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2380 0 пікір 17 Ақпан, 2010 сағат 04:14

«Нұр Отан» 2009 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық ең көп жайлаған мекеме ретінде қаржы министрлігінде тексеру жүргізуге бастамашы болады

Астана. 16 ақпан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Қаржы министрлігі 2009 жылы жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысының саны бойынша министрліктер мен ведомостволар арасында екінші орын алды, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің хатшысы Батыржан Ашитов. Партиялықтар ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа шырмалуының себебін анықтау үшін тексеру жүргізбек.

«Құқықтық статистика органдарының деректеріне сәйкес, қаржы министрлігі мен оның аумақтық бағынышты органдарында 2009 жылы 108 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Бұл орталық мемлекеттік органдар ішіндегі екінші жоғары көрсеткіш. Қылмыс көбірек анықталған мекемелер: салық қызметі – 36 және кеден – 62, мұнда 2008 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлық қылмыстары 44% артқан», -деді ол сейсенбі күні болған баспасөз-брифингінде.

Б.Ашитов, алайда, бірінші орын алған қай мекеме екендігін нақтылап кеткен жоқ.

Сонымен бірге, қаржы министрлігінің бүкіл құрылымдық бөлімшелерін тексеру үшін партия жанынан құрамында бас прокуратура, қаржы полициясы, есеп комитетінің өкілдері бар сарап комиссиясы құрылады. Оның басшысы болып парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіров тағайындалған.

Комиссия жұмысының аясында қаржы министрлігі жүйесінің жемқорлығының әлеуметтік зерттеуі жүргізіледі. Комиссия басшысы түсіндіріп кеткеніндей, бұл шара жүйенің жемқорлығының жағдайы мен динамикасы туралы қоғамдық пікірдің барынша толық талдамасын алу үшін және жемқорлыққа дем беретін себептер мен жағдайларды анықтау үшін қажет

«Біз, министрліктің бақылаушы және реттеуші органдары тарапынан сыбайлас жемқорлықтың көрініс беру фактілері бойынша қоғамдық қабылдауға берілген азаматтардың өтініштерін талдаймыз. Біз нормативті-құқықтық актілерді тексеруді бастадық және ол жерде жүзеге асыру барысында жемқорлық жағдайлары орын алатын мәселелерді талдаймыз. Егер мұндай жағдайлар анықталса, онда заңнамадағы мұндай кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныс жасаймыз», -деп қосып қойды Н.Әбдіров.

0 пікір