Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2828 0 пікір 15 Ақпан, 2010 сағат 06:42

Бекжан Тұрыс. Менің атымдағы машина... менікі емес

Алматы қалалық салық департаменті борышкерлердің тізімін жария етіп жатыр. Департамент тартқан деректерге сүйенсек, тек қана көлік салығының қарызы 1 миллион теңгеден асатын азаматтар да бар көрінедір. Биыл қаладағы «қарынбайлардың» қатары 1300-ге жетіпті. Жылдап салықтан жалтаратын көлік иелеріне келгенде қолданыстағы заңнамалар дәрменсізболып шыққан. Шарасы таусылған Салық инспекторлары  заңға бағынбайтындарды енді сот арқылы мәжбүрлеп көрмек.

Алматы қаласында қозғалтқышының қуаты 4 шаршы сантиметрден асатын 367 мың шет елдік көлік бар екен. 2008 жылы салығын төлемегендер қатары 1148 адам болса, өткен жылы олардың қатары 1300-ге жеткен. Осының салдарынан қала қоржыны 243 миллион теңгеге кеміпті.

Департамент тартқан деректерге қарай отырып «Алматы» арнасы шоу-бизнестегі белгілі есімдерді нысанаға алыпты.

-         «Бұл жолғы қара тізімде белгілі әншілер мен әртістердің аты-жөні қаптап жүр, - дееп хабарлайды арна тілшісі. - Салық төлеуден жалтарғандар арасында Асылбек Еңсепов, Айгүл Иманбаева сынды жұлдыздар да бар. Қарыздары мың доллардан асып жығылған шоу-бизнес өкілдерінің бірде біреуі бізбен бетпе бет кездесуге батылдары бармады. Кейбір ағаларымыз тіпті телефон арқылы сұхбат беруге көнбей азар да безер болды. Атымызды ел естімесін деп ұялатын болса керек. Тіпті есімізге салғаныңызға рахмет деп қуанды...»

«Алматы» арнасының тілшісі хабарласқанда күйші Асылбек Еңсепов: «Не істейін енді, салық төлемедім деп өлейін бе?» деп күйінді.

Қымбат көлігі үшін салық төлемей жүргендердің арасында жақында ғана Қазақстанның еңбек сіңірген атағын алған әртіс Бекжан Тұрыстың фамилиясы да бар болып шықты. Әртіс Ланд Крузер көлігіне 76435 теңге берешек екен.  Алайда автокөлік Бекжан Тұрыстыкі емес сияқты.

Ол: «Менің атымдағы машина ғой, бірақ менікі емес», - деп отыр.

Бұл ретте бірден автокөлік иелерін жазғыру артық  болар. Өйткені олардың дені салық төлеу міндетінен хабарсыз.  Осындай шала сауаттың салдарынан жекелеген тұлғалар да, мемлекет те тек зиян шегіп қана отыр. Мысалы, Алматы қалалық салық департаменті жариялаған қара тізімнің арқасында, деп хабарлайды «Алматы» арнасы, 237 борышкер қазынаға 61 миллион теңге төлеп кетіпті...

Ал бұл тізім жария етілмесе, әлгіндей сома қала бюджетіне түспейтін еді... Содан кейін... Бекжан Тұрыс сияқты әйдік әртістің атына автокөлігін меншік түрінде жазып қойып салықтан жалтарып жүргендер де жасырынбақ ойнап жүрмес еді.

Мәліметтер «Алматы» арнасынан алынды

0 пікір