Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2617 0 пікір 15 Ақпан, 2010 сағат 05:50

ШҚО-да тарифтердің көтерілуінің қаншалықты негізі барлығын тексеру жөнінде жұмыс тобын құру ұсынылауда

Өскемен. 15 ақпан. ҚазТАГ– Шығыс Қазақстанда тарифтердің көтерілуінің қаншалықты негізі барлығын тексеру жөнінде әкімдіктің жанынан жұмыс тобын құру ұсынылауда, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

«Шығысэнерготрейдтің» тарифтерді көтеру туралы сұранымына түсініктеме бере келіп Шығыс Қазақстан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев: «Әкімдіктердің жанынан мамандардан тұратын жұмыс тобын құру қажеттігі туындады. Олар тарифтердің көтерілуінің қаншалықты негізі барлығын қадағалап, оларды ұстап тұрудың резервтерін айқындап, бәлкім төмендету де жолдарын қарастырумен айналысуы тиіс», - деп мәлім етті.

Шығыс Қазақстанның энергиямен қамтамасыз етуші негізгі ұйымы «Шығысэнерготрейд» тарифтерді көтеру туралы сұранымын 1-ші ақпанда тапсырған, және ол қоғамдық тыңдауларға шығарылады. Мұндай сұраным табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) Шығыс Қазақстан департаментінің коллегиясында айтылды.

«Тәжірибе көрсеткендей «Шығысэнерготрейдтің» негізгі мақсаты – тариф арқылы мейлінше көп кіріс алу. 1-ші ақпанда олар тарифтерді 40%-ға көтеру керектігі туралы сұраныммен шықты. Ал біз олардың тарифтерді 35%-ға көтеру туралы сұранымдарына дәйекті түрде бас тартқан болатынбыз. Біз олардың ұстанымын қоғамдық тыңдауларға салу туралы шешім қабылдадық», деді департаменттен.

Облыс басшысының пікірінше, «тарифтердің көтерілуі жергілікті бизнеске ауыр тиіп, инфляцияны тудыруда». «Ертең компания кетеді, сол кезде олардың қалдырып кеткенін кімнен сұраймыз?», - деді әкім.

0 пікір